Сенбі, 27 Шілде 2024
Әне, көрдің бе? 2291 3 пікір 22 Қараша, 2023 сағат 13:44

«QazaqGaz-ға» тықыр таянды ма, Шәріпбаевқа ма?

«Petrocouncil.kz» салалық басылымы «QazaqGaz» ұлттық компаниясы жүйесіндегі топ-менеджерлерді тінту мен ұстау туралы хабарлады.

«21 қарашада QazaqGaz жүйесіндегі топ-менеджерлерді тінту және ұстау жұмыстары өтті. Осылайша орталық аппарат басшысы мен еншілес компания «Қазтрансгаз Өнімдері» ЖШС басшысы мән-жай анықталғанша қамауға алынды. Тінтулер орталық аппараттың басқа бөлімдерінде де жүргізілді», – делінген сәрсенбі күні ақпарат көздеріне сілтеме жасаған хабарда.

Естеріңізге салайық, былтырғы жазда «QazaqGaz» компаниясы (бұрынғы «ҚазТрансГаз») 2022 жылдың 14 қаңтарына дейін 937 млрд теңгеге (2,2 млрд доллар) заң бұзушылық жасағаны анықталған.

Аталмыш компанияны бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы саналатын Қайрат Шәріпбаев басқарған. Ол қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кетіп, көпке дейін ел көзіне түспеді. Алайда ол жақында Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевқа арнап берген аста бой көрсетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «QazaqGaz» ұлттық компаниясының құрылымдарына қатысты қылмыстық істің қозғалғанын растады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1450
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 2336
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2327