Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3963 0 пікір 24 Қыркүйек, 2013 сағат 07:15

Қуандық Шамахайұлы. Осы жұрт интернетке тәуелді болып бара ма?

Адам баласы пайда болған кезден бастап, бүгінгі күнге дейін әртүрлі қарым-қатынас деңгейінде санқилы тәсілдер мен құралдар арқылы өзара байланыс жасады. Қазақ даласында тасқа қашалған таңбадан бастап, түрлі ою-өрнектер де ақпарат алмасудың белгілі бір қызметін атқарды. Айталық, жеті өзенді асырып ұзатылған қазақ қызы төркініне өз қолымен кестелеген түскиіз немесе сырмақ, орамал секілді бұйымдарды Атыраудан Алтайға жолаушылар арқылы сәлемдеме етіп беріп жібереді. Оны алған ата-анасы, туыс-туғандары кестенің түр-түсі, ою-өрнегіне қарап қыздарының сары түсті көбірек қолданған болса, сағыныштан сарғайып жүргенін, жасыл, көк түс басым болса, жағдайының жайлы екендігінен хабардар болып отырған.  Өзге де қуаныш пен қайғыны, сәттілік пен қиындықты бейнелейтін ою-өрнектің неше түрлісі болған екен.

Кейін жазудың пайда болуы хат алмасуға, пошта, телефон, радио, телевизия секілді құралдардың өмірге енуі байланысты одан ары жетілдіре түскені аян. Олай болса, бүгінгі дәуірде әлем тұтасып, жаһанданудың қарқын алуы – қарым-қатынас тәсіліміз бен байланыс құралымызды New media атты озық технологияға негіздеуімізге итермелеп отыр. Әрине, бұл саладағы тиімді құрал өмірімізді өзгерту үшін жасалған Интернет екендігі белгілі.

Адам баласы пайда болған кезден бастап, бүгінгі күнге дейін әртүрлі қарым-қатынас деңгейінде санқилы тәсілдер мен құралдар арқылы өзара байланыс жасады. Қазақ даласында тасқа қашалған таңбадан бастап, түрлі ою-өрнектер де ақпарат алмасудың белгілі бір қызметін атқарды. Айталық, жеті өзенді асырып ұзатылған қазақ қызы төркініне өз қолымен кестелеген түскиіз немесе сырмақ, орамал секілді бұйымдарды Атыраудан Алтайға жолаушылар арқылы сәлемдеме етіп беріп жібереді. Оны алған ата-анасы, туыс-туғандары кестенің түр-түсі, ою-өрнегіне қарап қыздарының сары түсті көбірек қолданған болса, сағыныштан сарғайып жүргенін, жасыл, көк түс басым болса, жағдайының жайлы екендігінен хабардар болып отырған.  Өзге де қуаныш пен қайғыны, сәттілік пен қиындықты бейнелейтін ою-өрнектің неше түрлісі болған екен.

Кейін жазудың пайда болуы хат алмасуға, пошта, телефон, радио, телевизия секілді құралдардың өмірге енуі байланысты одан ары жетілдіре түскені аян. Олай болса, бүгінгі дәуірде әлем тұтасып, жаһанданудың қарқын алуы – қарым-қатынас тәсіліміз бен байланыс құралымызды New media атты озық технологияға негіздеуімізге итермелеп отыр. Әрине, бұл саладағы тиімді құрал өмірімізді өзгерту үшін жасалған Интернет екендігі белгілі.

Алғаш 1958 жылы ғылым мен әскери-технологияны дамытуды көздейтін АҚШ Прогрессивтік зерттеу жобасы агенттігінің (US ARPA) құрылуы Интернеттің дамуына бастау болғаны тарихи шындық.

Қазақстанға таяу жылдардан бастап енген Social media термині еніп үлгермей жатып-ақ әлеуметтік желіні пайдаланушылар саны артумен қатар оған тәуелді топтар да бой көрсете бастады.  Social media дегенді интернетке негізделген әлеуметтік қарым-қатынас деп түсінуге болады.

Олай болса, social media қоғамдық қауымдастықтан гөрі әлеуметтік ақпараттар мен хабарламалардың желісі ретінде түсіндіріледі.  Әлеуметпен қарым-қатынас жасаудың ақпараттық желісі [social media] дегеніміз [social networking websites], [social news websites], сондай-ақ [social bookmarking websites] секілді түрлі веб-парақшалар арқылы адамдардың өзара қатынасатын, тілдесетін ақпарат, жаңалықтарын бөлісетін, пікір алмасатын интернет аясындағы виртуалдық байланыс.   

Интернетке негізделген social media-н негізі 2000 жылы Веб 2.0 технологияның енгізілуінен тарихи бастау алады.  Олай болса, Веб 2.0 технология дегеніміз не? Бұл ұғымды O'Reilly 2004 жылы бір сұхбатында тілге тиек етуі оның термин ретінде қалыптасуына әсер еткен. Одан бұрын Веб 1.0 деген де болған екен. Екеуінің өзара айырмашылықтары да баршылық. Веб 1.0 – белгілі бір интернет қолданушы тек ақпарат алумен ғана шектеледі. Яғни, кері байланыс жоқ. Алған ақпараты жайында пікір қалдыра алмайды, тек қана сайт админстраторының (веб үйлестірушісі)  қызметіне тәуелді болса, қазіргі Веб 2.0-нің ерекшелігі журналист ақпарат бере отырып, оны қабылдаушылармен ой-пікірін бөлісе алады. Бұл сөзсіз прогресс. Алайда, пікірталас мәдениеті төмен кейбір ақпарат қабылдаушылар тақырыпты талқылаудан бұрын автордың жеке басын қорлауға, жала жабуға, мазақ етуге бейім тұратыны бұл салада құқықтық үйлестірудің қажеттілігін тудырып отыр. 

Social media-ны алдағы уақытта  broadcast media monologues-с social media dialogues саласына қарай ойыстырып, алмастыруға интернет пен вебке негізделген  технологиялар қолданылады екен. Мұның мәні тұтынушылардың көңілінен шыға отырып (user generated content) оны өндірушінің деңгейіне жеткізіп, біліктілікке және ақпараттық демократияға пайдасын тигізеді.

Зерттеуші ғалымдар Andreas Kaplan мен Michael Haenlein екеуі social media-ға анықтама бергенде оны  Web 2.0-ды идеологиялық және  технологиялық ұйымға негізделіп пайда болған және тұтынушының көңіл-күйінің қажеттілігін өтеуші, бірдемені өзгертуге ынта-ықыласына негізделген интернеттің бір саласы деген екен. Social media – қазіргі дәуірде жұрттың басты назарындағы нысан әрі ешбір күшке дес бермес өндіріс іспетті деп анықтайды. 

Social media негізгі үш құрылымнан тұрады:

1. Concept ( өнер, ақпарат, мәдени идеялардан); 

2. Media (тәсіл, құрал, тарату тетік);

3.Social (ынтымақтастық келісім,  Вирал маркетинг, электрондық радио немесе баспасөз агенттігі т.с.с. түрлері). 

Тарихи түп негізі. «Social media» деген атаудың пайда болуы   2006 жылдың маусым айы дегенді зерттеушілер бірауыздан қолдап отыр. Сол тұста wikipedia арқылы тараған «social media» туралы мақалада оған мынандай анықтама берілген:  «Белгілі бір кезеңдегі журналистер мен бақылаушылардың жасаған тұжырымдарынан гөрі жеке адамдардың ой-пікірлері мен ұсыныс, көзқарастарының назарға алынып, қызығушылық тудыруы».

         Social media – өндірістік жарияланымнан (industrial media), газет, телевизия, кино өнерінен мүлде өзгеше дүние. Өндірістік медиа – ақпаратты жария етуде өзекті әрі маңызды шараларды талап етеді. Ал, social media -  салыстырмалы түрде арзан әрі қолжетімді құрал арқылы жеке адам өзі қалаған ақпараттарын жариялап, таратуына мүмкіндік береді.

Бұл жерде industrial media деген терминді біз дәстүрлі баспасөз тәсілі ретінде түсінгеніміз абзал. Social media және industrial media екеуіне ортақ ерекшеліктеріне келсек, аудитория қамтуға мүмкіндіктері кең. Айталық, блог, пост немесе Тв шоу болсын, бәрі де мыңдаған, миллиондаған адамдарға жетуге мүмкінідктері бар.

Дегенмен, өзара айырмашылқтары да баршылық. Мысалы, industrial meda жарияланымдары оны оқитындардан белгілі деңгейде сауаттылық пен білімді талап етеді. Ал, social media тым қарапайым, кейде тіпті қарабайыр болуы да мүмкін. Іndustrial media бір рет жасалған болса, оны өзгерту мүмкін емес.  Ал, sociaІ media-ны сол сәтте comment арқылы жөндеуге, өзгертуге бола береді.

Сонымен қатар тұтас медиа деген атау әлем журналистикасын зерттеушілердің арасында кездесіп жүр. Оның мәні industrial және social media-ның гибрид түрін құрайтындығымен ерекшеленіп отыр.  Бір шаңырақ астында радио, телевизия, газет-журнал бәрін ашып, оған мамандар да, әуесқой қызығушылар да топтасып жатқан жайы бар. Көп жағдайда social мен industrial media екеуінің де құрылымы қосарлана қолданылуы практикада көрініс табуда. 

Social media – адамдар арасындағы әрекеттерге негізделеді. Айталық, су жүгірту үшін құбырды пайдаланатын секілді  ақпараттық

технологияны пайдаланып, өзара идея алмасады, проблеманы бірлесіп талқылайды. Social media-ны тиімді пайдаланған шаруашылық ұжымдары  маркетинг қызметтері арқылы тұтынушыларына тиімді қызмет көрсетіп отыр.  

Social media-да арнайы белгіленген  парақ саны болмаса да оны шектеусіз дүние деуге келмегенімен, жұрт оған пікір білдірулеріне, өз жарияланымдарын қоюларына және жазбаларын қайта қарап редакторлауларына мол мүмкіндіктері бар. Жалпы, жаңа құрал-жабдықтар мен қазіргі заман құрылғылары тек қана ақпарат берумен шектеліп отырған жоқ. Іскер, шығармашыл, ізденгіш жандардың әріптес табуларына, жаңа жұмыс орнын ашуларына, сирек әрі озық технологиялық тәсілдерін тануларына жағдай тудырып отыр.

         Social media алда да жетілдіріліп, өзге сан түрлі қызмет тәсілдерін тауып, игілікке жарап жатуы ықтимал. Интернет талқылау мен конференциялар, веб-блог, әлеуметтік желілер, уики, подкаст сайттардың көбейіп, дауыс-дыбыс, бейне түрлері бойынша ақпарат алмасу жетіле түспек. 

         Бүгінгі қолданыстағы технологиялардың кең тараған түрлері:блог арқылы фотолар алмасу, бейне блог, бейне дәрістер жүргізу, электрондық пошта болып отыр.  Соңғы жылдары кейбір, фирма, кәсіпорындар өздерінің бренд тауарлары мен қызмет түрлерінің маркетингіне арнаған platform немесе өзге арналарды қолдана бастаған. Денсаулық сақтау орындары мен емханалар аталмыш технологияларды игерсе өз пациенттерімен кеңес өткізуге аса қолайлы болар еді.

         Қазіргі таңда Social media-ның қажеттілігі барған сайын артып келеді. Санаулы жыл бұрын әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің профессорларының дәрісін тыңдау мұң болса, қазір қалаған  Оксфордың, Гарвардтың, Кембридждің ғалымдарымен виртуалды әлемде жүздесе беруге болады. Айта берді, әлемнің айтулы саясаткерлерімен, Құрама Штаттың президентімен де Social media арқылы байланыс жасауға мүмкіндік бар.

Біздің  әлеуметтік желі жайындағы ұғымымыздың масштабының өзі қазіргі таңда facebook, Twitter, Youtube, blog секілділермен шектеліп, достардың өзара хабарласуынан, фото, бейнеклиптер алмасуынан аса алмай отырмыз.  Шын мәнінде сіз нені білгіңіз келсе, интернет бәрін де бере алады.

         Жылдамдықтың зор қарқынымен қарыштап дамып келе жатқан онлайн қоғамда әр азамат жеке тұлғалық брендін қалыптастыру жолында  өзін өзгелерге дұрыс танытып, абыройын асқақтату үшін қаласа да, қаламаса да Social Media-ға жүгінуге мәжбүр. Бұл жерде әрине, айтары бар адамдар ғана өзінің білім-білігін, қарым-қабілетін көрсете алады.

Қазіргі студент дегеніміз үстелден бас көтермей отырып, кітап оқи беретін немесе ұстаздың оқыған дәрісінен белгілеп алған азын-аулақ мәліметті жаттап алып онысын семинар сабағында айна-қатесіз айтып беретін «советтік заманның» түлегі емес. Ол дәуір әлдеқашан келмеске кетті.

 Айталық, бизнес, қаржы мамандығы бойынша білім алып жатқан студентті мысалға алайық. Ол әлде бір елде ақша саясаты өзгергені жайында ақпараттың телеарна арқылы хабарланғанын құлағы шалды делік. Толық ақпаратқа қол жеткізу үшін ол қандай әрекет жасайды?

1. Google, Wikipedia бойынша түрлі ақпарат көздерінің деректерімен танысады

2. Youtube-тен ақпаратқа қатысты Podcast-терді көріп тыңдайды. Онда кәсіби мамандар мен сала ғалымдарының сұхбаттары, бейне дәрістері де кездеседі.

3. Twitter арқылы өз ұстаздарымен немесе әлемнің өзге іргелі оқу орындарының мамандарымен байланысқа шығып сұрақ қоюларына болады. Айталық, Гарвард, Оксфорд университеттері профессорларының бәрінің Twitter парақшалары бар. Студенттер өз салалары бойынша тіркеле алады.

4. Facebook немесе өзге форум сайттар арқылы арнайы тақырыпқа сай талқылау ұйымдастыра алады. Мұның пайдалы жағы көптің пікірімен танысып, олармен тікелей қарым-қатынас жасауға болатындығында.

5. Сөз соңында айтарымыз, белгілі деңгейде жан-жақты ақпаратқа қанығып, түрлі мәлімет алған соң студент өз тұжырымы мен пайымын блогіне немесе парақшасына жазып, өз көзқарасын жалпақ жұртқа жеткізе алады. Сонымен қатар google group-ті пайдалана отырып, әркім өзімен мүдделес, пікірлес жандарды тауып біріге алады.

Сайып келгенде, Social Media арқылы пайда ақпарат алудың арқасында адам рухани тұрғыдан өзін байытып, дамыта алатындығын да ұмытпағанымыз абзал.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300