Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3629 0 пікір 24 Қыркүйек, 2013 сағат 07:52

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы ІТ-синергияға шоғырланады

«Самұрық-Қазына» АҚ қарамағындағы компаниялар тобына қатысты ІТ-синергияны дамыту бойынша стратегия жасап шығарады.

Құжат топтың тәуелсіз директорлары кездесетін қараша айында таныстырылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Николас Малоунның пікірінше, Қордағы ІТ-синергияның бастапқы салалары «бұлтты» технологиялар басымдыққа ие болатын дата-орталықтарға, технологиялық үдерістерді стандарттау мен қолдау қызметтерін оңтайландыруға жұмылдырылуы мүмкін.

«Технология дегеніміз, бұл панацея емес. Адамдар мен технологиялардың, үдерістердің үйлесе әрекет етуі маңызды. ІТ-синергияның басында адамдар тұрады. Біртұтас көзқарас қажет. Ортақ әдістемені, басқарудың біртұтас жүйесін жасап шығару керек. Трансұлттық компаниялардың ІТ-үдерістерді қалай басқаратынын зерттеген абзал. Синергияны қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, мүмкіндігінше біздің барлық үдерістерімізді стандарттаған жөн», – дейді Николас Малоун.

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының тәуелсіз директорлары, ақпараттық технологиялар саласындағы өзгерістерді тиімді жүзеге асыру үшін, әдістемені, негізгі ресурстарды анықтауда іс-қимылдарды қайталаудың алдын алатын ІТ-кеңес беру орталығын құруды ұсынады. ІТ-жаңғырту 2014 жылы басталады деп күтілуде.

 «Барлық қажетті деректерді жинап, түгендеу жұмыстарын жүргізуде және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жүйесінің матрицасын жасауда, операциялық әрі күрделі шығындарды анықтауда «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының барлығы қолдау танытқаны дұрыс», – деген пікірде «Қазтрансойл» АҚ тәуелсіз директоры Мұстафа Хабиб.

«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің айтуына қарағанда, холдингтегі компаниялар тобы ІТ-технологияларға көп қаржы құюда. «Бұл инвестициялардың 80 пайызы келесі екі компанияда шоғырланған: «Қазмұнайгаз» бен «Қазақстан темір жолы». Бұл жағдай нашар дегенді білдіртпейді. Алайда, үйлесімді түрде қимылдаған жақсырақ. Алғашқы талдауға сүйенсек, компьютерлерді, бағдарламалық қамтуларды сатып алудың орталықтандырылған жүйесіне сай бәрін дұрыс істесек, біраз қаржы үнемдемекпіз», - дейді Қор жетекшісі.

Дереккөз: «SK News»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302