Серік Қапшықбайұлы. ... Шал ұмытты Ана тілін
АЙДЫҢ АРЖАҚ БЕТІ
1
Алашым-ай!
Әйтеуір,
Өмірлік –
Жанталасың-ай!
Қария елміз
Шын, әлі!
Бірақ,
Жас елдік
Иіс шығады!
Алашым-ай!
Тас,
Топырақ құрлы—
Мүддеңнің
Қабат-қабатын-ай!
(Тілдесем
Өмірмен.
Кейде бәлки...
Ерінгем.)
Алты Алашым-ай!
(Алтыннан тон кие,
Күмістен жағасын-ай!..)
АЙДЫҢ АРЖАҚ БЕТІ
1
Алашым-ай!
Әйтеуір,
Өмірлік –
Жанталасың-ай!
Қария елміз
Шын, әлі!
Бірақ,
Жас елдік
Иіс шығады!
Алашым-ай!
Тас,
Топырақ құрлы—
Мүддеңнің
Қабат-қабатын-ай!
(Тілдесем
Өмірмен.
Кейде бәлки...
Ерінгем.)
Алты Алашым-ай!
(Алтыннан тон кие,
Күмістен жағасын-ай!..)
2
(Бас айнала ма?
Бас айналған
Соң
Күн,
Ай қоса
Айнала ма?)
«Сіз» дейін,
Сен демей.
Темір таяқтың
Тебендейі,
Тағаңнан қалып
Теңгедей!
Оу:
(Ойла!)
Алласын мұнда айтқызбақ
Алаштың,
Әкбәрін онда!..
Имандай шыным:
Бала түгіл...
Шал ұмытты
Ана тілін.
Ә жарғақ бас
Қу қақбас!
3
«Тәуір ойлар»
Сол ма, әлгі?..
Ұрлаттық!
Ұрлатып алудай –
Қойларды.
(Түйсік
Қиялдардың
«Менікі» дейім,
Қай ұялғанын!..)
Ол да анық:
Өмір –
Ілбіп келеді,
Ойланып!..
Отаным,
Қалай тудырасың?
Тудырып бақ,
Қазақтар идеясын!
Алты алашым-ай!
Інісін әм,
Ағасын-ай!?..
Жұрт күмілжи,
Тым-тырыс қайқаймақ!
Шақырар жер қайым,
Алаш «азанын»
Айқайлап?!
4
(Сені көр де –
Мені көр!
Әй,өлең
Етің – көбік,
Терің – жел!)
Үрей мен
Қауып!
Былай да,
Біз әлсіз,
Олар жуан ба?
Өтірік шығар,
Серік?
(Бұл кінаң!).
Қауып-қатерден –
Біз жуан!
Дейім
Желпініп:
Арғы атам—
«Ер Түрік!»
Бірақ,
Алашым-ай.
Сезімдер,
«Темірлердің» -
Қажасуы-ай!?
Іс боп тұр
Ойламаған!..
Өзімді
Ал,
Қайда қоям?.
Жетем ғой
Жығылып, мертіге...
Зытып берсем,
Айдың аржақ бетіне!.
Қарап өлемін
Қашанға-ай!
Алаш ұранын
Күнге таяу
Апармай?!
Бұл –
Айтанның идеиясы!
Алаш –Күнге қарай
Ырғымақшы!
«Мінгендей
Атым –
Көк ала.
Бұл шенде
Мұндай жоқ ала».
2007.10.23
Ұсынған - Ауыт Мұқибек
Abai.kz