Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 1560 1 пікір 5 Желтоқсан, 2023 сағат 15:46

Әкімдіктің мақсаты «Барахолканы» жаңғырту ма, жабу ма?

2023 жылғы 6 желтоқсанда (сәрсенбі) Алматы қаласы Н.Назарбаев көшесі үйде орналасқан «»  сағат 11.00-де «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ МАҚСАТЫ НЕ? «Барахолканы» ЖАҢҒЫРТУ МА, ЖАБУ МА?» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Алматы «қаласы әкімдігі «Солтүстік айналым» шоссесінде орналасқан халық арасында «Барахолка» деп аталатын базарлардың иелерінен базарларды жаңғыртуды талап етіп отырғаны белгілі. Модернизация 2015 жылдан бері жүргізіліп жатыр, оны жаңа салынған, салынып жатқан сауда үйлерінің келбетіненөақ аңғаруға болады.

Сырт келбетіне қарап, әкімдіктің ниеті жақсы, сөгетін несі бар деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ бұл мәселені тереңірек қарастырсақ, мәселе басқада.Осы жайтты, атап айтқанда, барахолка мәселесі мен Алматы әкімдігі  тарапынан орын алған озбырлық туралы қоғамға айтқымыз келіп отыр.

«Барахолка» - айналымында едәуір қаражат айналатын, сауда орнының әрбір шаршы метрі ондаған мың долларға бағаланатын сауда сегменті. Ондағы сатушылар мүмкіндігінше көп сату және ақша табу үшін қолайлы бөлшек сауда нүктесін алу үмітімен сауда орындарын шамадан тыс ақшаға сатып алады. Базардағы тартыстың аумағын базарлар өртеніп жатқанда жаңалықтардан көреміз. Бұл тартыс үздіксіз, жасырын және бүркемелі түрде, шенеуніктердің тікелей қатысуымен өтіп келеді.

Сауда базарларын жаңғырту, яғни «модернизациялау» ешбір құқықтық актілерде бекітілмеген. Бұл қоғамның назарын аударатын жайт! Заңда қаралмаған модернизация процессі мемлекет аумағында қалай және неге жүргізіліп жатыр? Негізгі мақсаты не? Жауапқа тартатын заң болмағандықтан әкімнің айтқан сөзі – заң!

Модернизация талабын қалай жүргізілу керек деген сұраққа жауап та жоқ, өйткені, бағдарлама да жоқ. Заң жоқ жерде өздігінен ашылған сауда, автотұрақ мәселелері өршитіні сөзсіз! Субсидия не жеңілдікпен несие беру мәәәселелері Ешқандай заң нормаларымен қамтылмаған «Жол картасы» деп аталатын бір қағаз ғана бар, оған енгізілетін өзгерістерді енгізетін жергілікті атқару органдары. Мұндай жағдайда модернизация базар сатушыларының есебінен жасалынып келеді.Бүкіл салмақ өзіне түскен сауда сегменті онсыз да ушығып тұрған нарық заманында Республика аумағында нарықтың өсу мәселесімен алысу керек. Демек, тауар бағаларының өсуіне шенеуніктер тарапынан жіберіліп отырған қателіктер тікелей байланысты.

Сатушылардың шегіп отырған зардабы орасан!

Мысалы, «Еуразия» сауда үйінің бұрынғы иесі, жеке басы анықталған Овсянников деген азамат «модернизация жасау керек» деген желеумен саудагерлерден болашақта салынатын бутик үшін бірнеше мыңдаған доллардан жинап алған. Барлығы 67 кәсіпкер 4,5 миллион доллар көлемінде ақша жинап, сауда үйі құрылысын салуға ат салысқан. Сауда үйі салынып біткен соң оны үшінші тұлғаларға сатып, шетелге кетіп қалған. Жаңадан келген сауда үйінің иесі сатушыларға мүлдем өзге талаптар қойып, «реконструкция» жасаймын деп дүрліктіріп отыр.

Овсянниковке қатысты қылмыстық іс қозғалған, оны Алатау аудандық полиция бөлімінің тергеушісі 1 жылға жуық тергеу жүргізілуде. Тергеу салғырт жүргізілуде. Екі апта сайын кәсіпкерлер Алматы қаласы прокурорының орынбасарының қабылдауында істің тергелуін бақылауда. Прокуратураның нақты нұсқауларын полиция тергеушілері орындамайды! Істе Әсел Исабекованың туысы (күйеу баласы) депутат Жантелиевтің аты шықты! Бәлкім, тергеудің сылбыр жүргізілуінің себебі де осы болар?

Тағы атап өтетін жайт, Алматы қаласының әкімдігі «барахолканың» орнын басқа жаққа көшіруге ниетті екенін ашық, тіптен сот алдында именбей айтуда. Сауда базарларын «модернизация жасау үшін» инвестицияланған қаражат ше? Әкімдіктің мұндай саясаты әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін.

Мысал ретінде «Рахат» базарын атап өту қажет. 5 жылдан бері Алматы әкімдігімен сот процесі жүріп жатыр. Жергілікті атқарушы билік экс-әкім Б.Байбек кезінде де, қазіргі әкім Е.Досаев кезінде де саудагерлер мәселесінің мәніне барғысы келмей, сот шешімін елеусіз қалдырып, іс жүзінде қараудан бас тартып отыр. «ТКМ» ЖШС-нің базар орналасқан жерді нарықта құрылған сәттен бастап жұмыс істеп келе жатқаны,заң жүзінде жер пайдалану құқығын алуда өзге пайдаланушылардың алдында артықшылық құқығы бар екені ескерілмей, өтініші қаралмай келеді.

2019 жылы сот өз шешімімен «ТКМ» ЖШС-нің арызын қарауды міндеттеді, ал әкімдік жасырын түрде, тіпті сотқа да ескертпестен, жиһаз фабрикасының құрылысына жерді берген. 2 жыл бойы сот процесі жүріп, қаңтар оқиғасынан кейін ғана, яғни 2022 жылдың 25 қаңтарында Алматы қалалық соты жиһаз фабрикасына құқық беру туралы әкімдік қаулысының күшін жойды.

Кедергі жойылғандай болып, кәсіпкерлерде үміт пайда болды, әкімдік пен оның құрылымдары сот шешімін орындап, «ТКМ» ЖШС өтінішін қарау керек болған. Бірақ, 2022 жылы әкімдік «ТКМ» ЖШС-нің өтінішін қарамай, мемлекеттік сот орындаушысының талабын ескермей 2023 жылдың ақпан айында Жетісу ауданы әкімінің аппаратына жер учаскесін көгалдандыру үшін береді. Ол жерде саябақ (СКВЕР) болады, мемлекеттен қаржы бөлініп қойды деп отыр! «Рахат кз» сауда орталығы мен «Ялян» сауда үйінің арасындағы барахолкадағы алаңда СКВЕР салуға неге мүдделі болып отыр, мұны қалай бағалау керек?

Сонымен, әкімдік «ТКМ» ЖШС-нің өтінішін 2023 жылдың маусым айында қарап, «ТКМ» ЖШС-не учаскеге құқық беруден бас тартқан. Сот шешімін орындауды елемеген мемлекеттік органның бұл әрекетін қалай бағалауға болады?

Әкімшілік соттың шешімімен Әкімнің бұл Қаулысы да күшін жойды, амбициясы зардап шеккен Әкімнің сұрауымен қалалық сот бірінші инстанцияның шешімін бұзады ма деген күмән жоқ емес! Бұл әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін!

Бұл келеңсіздікке қай шенеуніктердің қатысы бар, кім мүдделі болып отыр? Ал «ТКМ» ЖШС-і пайдаланып келген жер үлесін кім иемденгісі келеді?

Аталған жайттар базар бизнесі таңдулы тұлғалар не атқару органына ыңғайлы жүйемен бармақ басты арқылы жүргізуге дайын кәсіпкерлердің еншісінде екенін бекітеді.

Бұл мәселеде еліміздің ата Заңы-Конституцияның кепілі Президенттен араша сұраймыз!

Баспасөз конференциясының спикерлері:

Башанов Жанибек Серикбайұлы– AZP заң кеңесшілері палатасының заңгері; «Рахат» базары мен «Евразия» сауда үйі кәсіпкерлерінің өкілі;

Төленова Жамиля Өтегенқызы- заңгер, «ТКМ» ЖШС-нің өкілі;

Абдуллина Сауле: «Евразия» сауда үйінің кәсіпкері.

Көпербаева Ләззат Тлеуханқызы- «Рахат» базарының кәсііпкері;

Мотькина Елена Аркадьевна-сауда базарлары Ассоциациясының төрағасы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373