Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3537 0 пікір 10 Қыркүйек, 2013 сағат 08:34

Омарташылар Киевке кетеді...

ШҚ облысының бір топ омарташылары мен осы саланың басы-қасында жүрген біраз мамандар қыркүйек айының 27-28 күндері Украина елінің астанасы - Киевте өтетін әлем омарташыларының 43 конгресіне қатысуға дайындалуда.

– Омарта шаруашылығында орын алып отырған өзекті мәселелерді көтеретін бұл конгресте біздің деле-гацияның да айтар ұсыныс, тілектері көп. Солардың бірі – «Апимондия», «Апиславия» сияқты дүниежүзі омар-ташылары ұйымдарының орта Азия мен Қазақстандағы ара шаруашылығының дамуына тигізер өзіндік ықпа-лын арттырудың мүмкіндіктерін, жолдарын қарастыру. Мың рет естігеннен, бір рет көрген жөн деген, бұл ма-ңызды басқосуға аймақтағы Михайл Гусляков, Виталий Рузанов сияқты бірнеше омарташылар да барғалы отыр, – дейді облыстық омарташылар қауымдастығының төрағасы Абзал Жұмағалиев.

Біздің омарташылар айтулы жиын-да ара тұқымын асылдандыруға, бал өнімдерінің түрін көбейтуге, саладағы басқа да проблемаларға орай көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап іздеп, тәжірибе алмасуды
жоспарлап отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1360
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2945
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1013
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 952