Өркендеген өңірлер
Кеше облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаевтың қатысуымен өңіраралық интеграция бойынша белгіленген іс-шаралар жоспарын талқылаған жиын өтті.
Естеріңізге салсақ, шілденің 12-сі күні Өскеменде Алматы, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының қатысуымен елімізде тұңғыш рет өңіраралық интеграция форумы өткен-ді. Сол форумда төрт аймақтың өкілдері бір-бірімен сауда-экономикалық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, энергетика, туризм, білім, денсаулық сақтау сияқты салаларда тығыз байланыс орнатып, алыс-берісті, барыс-келісті жүйелі жүзеге асыру үшін бірқатар маңызды құжаттарға қол қойған. Атап айтқанда, төрт өңірдің басшысы 20 миллиард теңге қаржыға 40 келісімшарт жасасқан.
Аталған жиында осы келісім құжаттар негізінде жасалған іс-шаралар жоспары бойынша облыстық басқармалардың көршілес аймақтардағы әріптестерімен тізе қосып қандай жұмыстар атқарып жатқаны, алдағы уақытта қай бағытта әрекет ету қажеттігі тыңдалды.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтұғұтовтың мәлімдеуінше, бұл салада жиырмаға жуық бағытта іс-шара белгіленген екен. Тарқатып айтар болсақ, олардың қатарында сырттан келетін импорттың көлемін азайтып, экспорттың үлесін арттыру, жергілікті өндіріс орындарының өнімдерін өткізу, жүйеқұраушы кәсіпорындардағы қазақстандық құрамның мөлшерін еселеу, өндіріс балансын жасау және басқа өзекті мәселелер басты назарға алынған.
Басқарма басшысының деректеріне ден қойған облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев өндіріс балансын жасаған кезде, «біздің аймақтағы кәсіпорындар басқаларға қандай өнім ұсына алады және өздері нені қажет етеді», міне, осы тұрғыда сараптама жүргізіп, зерттеп алу қажеттігіне тоқталды.
Ауыл шаруашылық саласында бірсыпыра жұмыстар қолға алыныпты. Айталық, Глубокое ауданының шаруа қожалықтары өз өнімдерімен Теміртау, Қарағанды қалаларына барып, жәрмеңке өткізіп қайтқан. Жақын келешекте Павлодардың бірнеше ауданында осындай жәрмеңкелер ұйымдастыру жоспарланған. Алайда облыс Әкімінің бірінші орынбасары жауапты басқармаға тек жәрмеңкемен ғана шектеліп қалмай, азық-түлік белдеуін құру, сапалы тұқым түрлерін өндіру, Алматы облысының мамандарымен ғылыми жұмыстар жүргізу секілді нақты бағыттарда әрекет ету қажеттігін ескертті.
– Ғылыми бағыттағы жұмыстарға келсек, сапалы картоп тұқымын сатып алу бойынша Павлодар және Алматы облыстарымен байланыс орнатылған. Сол сияқты олардың тарапынан бізден күнбағыс тұқымын сатып алуға келісім жасалды. Бұл шаруалар ары қарай да жалғасын таба беретін болады, – деді ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асуат Насыров.
Сонымен қатар, біздің өңір үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің ішінде бидайды өткізетін үлкен нарық ол – Қытай. Балды да, басқаны да тонналап сатып алуға дайын отырған шетелдік көршілерімізге күзгі жиын-терін аяқталған соң, қамбадағы артық бидайды жөнелтуге тамаша мүмкіндік бар. Тіпті Шығыстың ғана емес Павлодар мен Қарағанды облыстарының артылған астығын кәдеге жаратуға бар олар. Ендеше көршілес аймақтар өз бидайын біз арқылы Қытай нарығына шығаруына ешқандай кедергі жоқ.
Тамыз айында төрт аймақтың оқушылары Шығысқа жиналып, А.Матросов атындағы демалыс лагерінде балалардың бірінші өңіраралық слеті өткен. Сол кезде Алтайдың тамаша табиғатын көзбен көріп, таңдай қаққан өзге облыстың өкілдері мұнда қысқы демалысты да ұйымдастырса деген ниет-тілектерін білдірген. Бүгінде бұл мәселе жүйеленіп, жекелеген тұстары пысықталу үстінде. Одан бөлек, білім саласында дуальді оқыту тәжірибесін тарату, оқушылардың олимпиадаларын, спорттық ойындарын өткізу жағы да назарға алынған.
Туризмді дамыту бойынша да жобалар жоқ емес сияқты. Мәселен, бұл тұрғыда аса белсенділік танытып отырған Риддер қаласының әкімі Ж.Мұратов Өскеменнен туристерді тасымалдайтын пойыз шығаруды ұсынған. Ермек Көшербаевтың айтуына қарағанда, пойыз облыс орталығынан саяхатшыларды мінгізіп, белгілі бір бекетке дейін жеткізеді. Ал ол жерде демалушыларды автобустар күтіп алып, базаға жеткізеді. Кері қайтатын кезде де дәл осылай. Бұл әзірге еліміздің еш өңірінде жоқ туристерді демалдыру тәсілі болмақ.
Сонымен қатар, жиында білім, денсаулық сақтау, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сәулет және қалақұрылысы басқармаларының басшылары мен жауапты өкілдері ақпарат берді.
Абай-ақпарат