Қоғамдық тәртіпке қоғам мүшелерінің де жауапты болуы тиіс
Кеше аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ жұртшылықпен дәстүрлі кездесуін жалғастырып, Өскемен қаласындағы Кемежай, Защита ықшамаудандарының, қаланың орталық бөлігінің тұрғындарымен кездесті. Бердібек САПАРБАЕВПЕН бірге облыстық құқық қорғау органдарының басшылары да жұртшылық қойған сауалдарға жауап берді.
Кеше аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ жұртшылықпен дәстүрлі кездесуін жалғастырып, Өскемен қаласындағы Кемежай, Защита ықшамаудандарының, қаланың орталық бөлігінің тұрғындарымен кездесті. Бердібек САПАРБАЕВПЕН бірге облыстық құқық қорғау органдарының басшылары да жұртшылық қойған сауалдарға жауап берді.
Өскемен қаласының Кемежай ауданында орналасқан №19 орта мектептің акт залына Аблакетка, Красин кенттерінің және осы шағын ауданның тұрғындары жиналды. Алдымен облыс басшысы өңірдің, Өскемен қаласының өткен сегіз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырды. Ол негізгі көрсеткіштердің дені былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда артық болғандығын және бірқатар нәтижелердің республикалық орта межеден жоғары екендігін атап, Өскемен шаһарының тұрақты экономикалық дамудың жолында екендігін, Елбасының жүкте-ген тапсырмаларының орындалып жатқандығын жеткізді. Өңірімізде әлемдік қаржылық қиындықтарға, түсті металға деген сұраныстың төмендеуіне қарамастан, кенді өндіру көлемі төмендеген емес. Ең бастысы, мемлекет халықтың алдында әлеуметтік міндеттемелерін толықтай өтеп отыр. Жалақы, зейнетақы және жәрдемақылар уақытында берілуде. Бұл бойынша өңірде ешқандай қиындықтар туындаған жоқ.
– Өздеріңізбен бүгін еркін форматта кездесуге, сіздерді толғандырып жүрген әлеуметтік мә-селелер болса, тиісті органдардың басшыларымен бірге шешуге арна-йы келіп отырмыз. Кездесуге сонымен бірге күнде кездесуге мүмкіндік табыла бермейтін облыстағы құқық қорғау органдарының да басшылары қатысып отыр, ол кісілерге де сұрақтарыңызды қоюға болады, – деді облыс басшысы.
Кездесу барысында Ұлттық қауіп-сіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Асқар Ақшаев еліміздің қауіпсіздігі мәселесінде алда тұрған міндеттерге, салалық қызметке енгізілген өзгерістерге тоқталды. 2012 жылдың 13 ақпанында «Қазақстан Республикасындағы арнаулы қызмет» туралы Заң қабылданғанын, оның мемлекеттегі құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтің мүмкіндік аясын кеңейтуге жол ашқандығын атады. Сонымен қатар, таяуда «Терроризммен күрес туралы» Заңға да өзгерістер енгізілгенін, соған орай облыста облыс Әкімінің төрағалығымен антитеррорлық комиссия құрылып, террорлық іс-әрекеттердің жолын кесу бағытында сындарлы жұмыс атқарып жатқандығын айтты. Департамент басшысы өңірдегі ахуалдың тұрақты екендігін, қандай да бір теріс пиғылды, радикалды іс-әрекеттердің облыста жоқтығын жеткізді.
Облыс прокурорының міндетін атқарушы Болат Челикенов өңірде қолданыстағы заңнамалардың бұ-зылмауын қадағалауда атқарылған шаруаларды баяндады. Оның сөзінше, криминогенді ахуалды тұ-рақтандыруда ауқымды іс-шаралар атқарылған. Мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен облыс прокурорының 800-ден астам ұсынымы қаралған. 269 заңсыз актілер өзгертіліп, бұзыл-ған. Прокурорлық қадағалаудың нәтижесінде 25 мыңнан астам адамның конституциялық құқығы қорғалған. Облыс орталығында, өзге де ірі қалаларда облыс прокуратурасымен тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, кеңес беру мақсатындағы «Заң керуені» сынды шаралар үнемі жалғасып келеді.
Облыстық ішкі істер департамен-ті бастығының міндетін атқарушы Қадырбек Нұрғалиев облыс орта-лығындағы қылмыстық жағдайдың алдын алу, жолын кесуге байланысты ақпарат берді. Облыстағы барлық жасалынатын қылмыстар-дың 40 пайызы Өскемен қаласына тиесілі екендігін атаған ол, облыс орталығындағы ахуалды жақсартуға айрықша назар бөлінетіндігін атап өтті. Қылмыстың жолын кесуде қоғам өкілдерінің де үлесі зор көрінеді. Ерікті халық жасақтарының жұмысы жанданып келеді, қаладағы әрбір жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің жанынан қылмыстың алдын алу кеңестері құрылып, жұмыс істеуде. Тұрғын аймақтардағы тәртіпті қамтамасыз етуде олардың атқаратын рөлі зор екендігін атады. Бүгінгі таңда Өскемендегі ең криминогенді аудандардың бәрі де полицияның күшімен толық бақылауға алынған. Мұның нақты нәтижелері де бар.
Кездесуде облыс басшысының және құқық қорғау органдары жетекшілерінің атына жұртшылықтан түскен сауалдар мол болды. Красин кентінен Гүлжазира Елубаева осындағы Шолохов, Черняховская көшелері тұрғындарының атынан сауал қойып, үнемі ащы суға тойып алып, тұрғындардың тыныштығын бұзған Евгений Синицынға нақты шара қолдануды сұрады. Маскүнеммен енді Өскемен қалалық ішкі істер басқармасының полицейлері шұғылданатын болады. Аблакетка кентіндегі ардагерлер кеңесінен келген Светлана Романчук кентте қылмыстық ахуалдың қиындығына байланысты тәулік бойы полиция патрульдерінің кезекшілігін ұйымдастырса деген тілек білдірді. Оның мәселесі дәл осы жерде оңды шешімін тапты. Қабанбай батыр көшесінің тұрғындары көше бойындағы «Университет» аялдамасының тұсында бағдаршам қойылса деген тілектерін жеткізді. Себебі, ол жерде жоғары оқу орнының филиалы, мектеп және екі балабақша бар. Облыс Әкімі ол жерге заңға сәйкес бағдаршам орнатуға болатын болса, қойылуы керектігін атады. Бұл шаруа қала басшылығына тапсырылды. Облыстық Пушкин атындағы кітапхананың қызметкері Рахила Оралханова кешкі сегіз бен түнгі он екіге дейін кітапхана маңында, А.Пушкин ескерткішінің жанында қоғамдық тәртіпті қада-ғалау күшейтілсе деді. Оның айтуынша, кешкісін бұл жерде жастар сыра ішіп, шемішке шағып маңайды ластауымен қатар, тұрғындардың тыныштығын алатын көрінеді. Оның сұрағы да назарға алынды. Абла-кеткалық Әмірхан Ақниетов кенттегі учаскелік полицейлердің жұмысына оң баға беріп, бұл құрам алдағы уақытта да өзгертілмесе деген тілегін білдірді. Ақсақалдың тілегі де орындалатын болды. Қала тұрғыны Сергей Кучин жол полицейлерінің алдындағы өзінің құқықтары туралы білгісі келетінін айтты. Оған да нақты әрі тұщымды жауап қайтарылды. Полицияның жұмысына қатысты пікірін білдірген облыс Әкімі қоғамдық тәртіпті қадағалауда тек полиция ғана емес, бүкіл қоғам болып күресу қажеттілігін, сонда ғана нәтиже болатындығын атап көрсетті.
– Сол көшеге орнатылған шамдарды, орындықтарды кімдер қи-ратып кететіндігін бәріміз де жақсы білеміз. Бірақ, үндемейміз. Соның бәрін істейтін – өзіміздің балаларымыз. Онда неге соларды тәртіпке шақырмаймыз, полицияға хабарламаймыз? Неге онымен полиция ғана айналысуы керек? Біз көшелер мен саябақтарды, аллеяларды қала тұрғындары үшін жасадық қой. Тіпті, кейбір жерде оқушылар мен студенттер атын, мектебі мен сыныбына, оқитын колледжіне дейін жазып кетеді. Бұл деген ұят емес пе? Бұл – баласын түні бойы іздемейтін ата-аналардың, мектепте мұғалімдері-
нің, директорлардың жауапкерші-лігіне үлкен сын, – деді облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.
Абай-ақпарат