Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4241 0 пікір 14 Қазан, 2013 сағат 06:28

Мұхтар Шаханов. Жаңа ұстаным

ШЫНДЫҒЫН ЖОҒАЛТЫП АЛҒАНДАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕДЕН БОЙЫН АУЛАҚ САЛҒАНДАР

(Жаңа ұстаным хақында)

Ұлтты алып шығу үшін рухсыздық қармақтан,

Мен ұстаным ұсынамын тұратын қос тармақтан:

Мейлі, ақын, жазушы ма, мейлі, үлкен ғалым ба?

Саясаткер болсын тіпті, билігі бар қолында.

Кәсіпкер де болсын мейлі, дарын жеккен қарынға,

Мейлі, сазгер, әнші болсын, жүрген өнер жолында.

Әлде ұстаз, әлде ұшқыш, кім болса да бәрі бір,

Барлық кәсіп, мамандыққа бұл талаптың мәні бір.

Ертелі-кеш тек билікті мақтан тұта отырып,

Көп газеттің, телеарнаның айтатыны өтірік.

Қаншама жұрт сондықтан да өтірікке нанады,

Кейбіреулер қызметі үшін сатқындыққа барады.

Кім айырма салса жиі ісі менен сөзіне, –

Екі жүзді, әрі алаяқ пенде оның өзі де.

ЕГЕР АДАМ ЖОЙЫП АЛСА ЖҮРЕГІНІҢ ШЫНДЫҒЫН,

Рух қуатын сезінбесе адал, әділ мұңдының,

Елге қажет пайдалы ойлар жүргенімен миында,

Шындығы өлсе, бітті, ісі бағаланар тиынға.

Талай тұлға құнсызданып ТЖ болған уақытта,

Шындығы өлген сорлылардан қашар нағыз бақыт та.

Тіпті, ол адам атақ-даңққа толтырса да қойынын,

ЕЛДІК, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕРДЕН АУЛАҚ САЛСА МОЙЫНЫН,

Тоқтатуға тырысса да пендегерлік құлқынын,
Шыншыл рухты және адал перзенті емес ұлтының!..

.......................................................................................

Шындық кейде қалың «арпа ішіндегі бір бидай»,

Неге әділдік күресінде жұрттың көбі «Тымпибай?»

Ұлтсыздыққа кім шын мінез көрсетпесе қырғидай,

Ондайлардың бүгінгі аты – Ырбикүл мен Жырбибай!

Abai.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371