Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде басшы ауысты
«Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Қ.Бишімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрбибі Наурызбаеваның мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтатқанын жариялап, банктің жаңа жетекшісін таныстырды. Холдинг Басқармасының шешімімен банк басшылығына бұған дейін Холдингтің басқарушы директоры қызметін атқарған Айбатыр Жұмағұлов тағайындалды.
Брифингте «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев қазір банктың басшы қызметкерлері алған пәтерлерін ерікті түрде қайтару мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл түйіткіл шешімін таппаған жағдайда Холдинг жергілікті атқару органдары мен прокуратура арқылы мәселені сот қарауына жолдамақ. Мұндай келеңсіздікке болашақта жол бермеу үшін Холдинг банктың жаңа басшылығына тиісті міндеттер жүктеді.

"Әйгерім" кешенінен пәтер алған банк қызметкерлері мен олардың туыстарына бұл пәтерлерді өз ықтиярымен қайтару туралы ұсыныс жолдаНАды. Егер осы уақыт ішінде ымыраға келмесе, пәтерлерді сот арқылы өндіреміз", - деді Қуандық Бишімбаев.
Нақты айтқанда,банк басшылары мен олардың туыстарына «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысуға шектеу қойылады. Мысалы, Үкіметпен келісілгеннен кейін бағдарламаға қатысушылардың баспана жағдайын ескеру туралы шарт енгізілмек. Сонымен қатар, табысы жоғары өз бетінше баспана сатып алуға қауқарлы азаматтардың бағдарламаға қатысуына шектеу қойылады. Банктің қызмет сапасын жақсартудағы тағы бір маңызды мәселе – халықпен тікелей жұмыс істейтін қаржы институты қызметінің жариялығын қамтамасыз ету. Бұл ретте бизнес –процесстерді автоматтандыру және пулды қалыптастыру комиссияларына сатып алушыларды тәуелсіз бақылаушы ретінде енгізу көзделіп отыр. Холдинг банктің маркетинг саясатын өзгерту, кезектерді азайту арқылы банктің қызмет сапасын арттырмақ.
Abai.kz