Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2325 2 пікір 11 Қаңтар, 2024 сағат 13:30

Қазақфильмнің халі мүшкіл ме?!

Өткен жылғы Ұлттық құрылтайда кино саласының толғақты мәселелерін көтеріп, көзге түскен Азамат Сатыбалды көп өтпей Қазақфильм кино студиясына президент болып сайланған еді. Жаңа басшыға қызметкерлерінің көңілі толмайды екен.

Кино ордасында 12 жыл актер болып қызмет еттім деген Қуандық Дүйсенбаев әлеуметтік желідегі парақшаларында білдей бір ұлттық компания президентінің соңғы кезде қытайдың элктромашиналарын жарнамалауға белсене кірісіп кеткеніне налып, бейне жазба жариялады.

Істің анық-қанығын білмек болып барған «КТК» телеарнасының тілшілері студия ауласында қаз-қатар тізіліп тұрған қытайдың 100-ге жуық жеңіл машинасын көрген. Оларды бастап жүрген актер Қуандық Дүйсембаев Азамат Сатыбалдының жаңа жұмыс орнына өз командасымен келгенін, кинодан хабары жоқ әйел адамды орынбасар президент сайлағанын, бұрыннан келе жатқан қызметкерлердің 30 пайызға жуығын ақысыз демалысқа жібергенін айтады.

Телеарна тілшілеріне сұхбат берген Азамат Сатыбалды өз әрекетінінен ешқандай әбестік көріп тұрмағанын, компаниядағы 170 қызметкердің айлығын тауып беру үшін барлық қадамға барып жатқанын, өзін сатып ақша тапса да, өз еркі екенін жеткізіпті.

Оны сан саққа жүгірткен жұрт «Президенттің міндеті кино өндірісін жандандыру, сол арқылы жағдайын түзеп, әлеуетін арттыру емес пе?! Кинофильм аумағын қытайларға жалға беріп, жан бағудан басқа жол қалмаған ба?!» деп жазып жатыр.

Сонау қазақты әлемге танытады деген «Көшпенділер» фильмінен бастап Қазақфильмнің басынан дау арылмай келеді.

Өткен жылы қарашаның 15-күні Антикор Шәкен Айманов атындағы Қазақфильмнің бұрынғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереленгенін жария еткен еді.

«2017 жылы Алматы облысының Іле өзен жағасындағы «Көшпенді» киножобасы аясында салынған жасанды «Түркістан» бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған.Қазіргі уақытта осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда», – делінген мәлімдемеде.

2015-2019 жылдар аралығында Қазафильмді Бақыт Қайырбеков басқарған.
Қарашаның соңында Алматы прокуратурасы да Қазақфильмге бюджеттен бөлінген 400 млн теңгенің қолды болғанын анықтағанын жариялаған. Бұл іс кино студияаны Ақан Сатаев басқарып тұрған кездегі жобаға қатысты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435