Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1582 3 пікір 12 Қаңтар, 2024 сағат 13:41

Йеменге қарсы әскери операция басталды

Ходейда, Таиз, Сана және Саада қалаларындағы қару-жарақ қоймалары мен дрондар өндірісі орындарына әуе және зымыран шабуылдары жасалды, деп хабарлайды CNN. 

Операция Қызыл теңіздегі Хуситтердің әрекетіне жауап ретінде Австралия, Канада, Нидерланды және Бахрейннің қолдауымен басталды. Хуситтер Газада арнайы операция басталғаннан кейін Израильмен және оның одақтастарымен байланысы бар кемелерге шабуыл жасаған еді.

Йемен Қарулы Күштері Пентагонның әрекетіне қарсылық білдіріп, зымырандарын жаппай ұшыра бастады, деп хабарлайды Араб БАҚ-ы.

Қазір Йемен провинцияларын атқылау тоқтап тұр, бірақ АҚШ президенті операцияны жалғастырудан тартынбайтынын, бәріне дайын екенін білдірді, деп жазады CNN.

Abai.kz

3 пікір