Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3620 0 пікір 22 Қазан, 2013 сағат 11:31

Ел тіл қатты. Елбасы не дейді?

Алматыдағы ұлттық баспасөз клубында «Көш керуені кері бұрылмасын» деген атпен баспасөз мәслихаты өтті. Мұхтар Шаханов,Қабдеш Жұмаділов, Зардыхан Қинаят, Асылы Осман, Рахым Айып бастаған қоғам қайраткерлері Елбасының қарауына жіберілген «Көші-қон» туралы заңның өзгерістеріне наразылықтарын айтты. Әсіресе шетелден келетін этникалық қазақтардың жат жұрттықтармен теңесіп, азаматтық алудан 5 жылға дейін шеттетілетінін «мүлдем түсініксіз жағдайға» теңеді.

Рахым Айыпұлының айтуынша, көші-қон басталған сонау тәуелсіздік жылдарынан бері оралмандарға қарастырылған жеңілдіктер бірте-бірте құмға сіңген судай болып, «көзі жойылып жатқан» көрінеді. Яғни этникалық қазақтардың атажұртына келгеннен кейінгі тіркелуі, әлеуметтік жеңілдіктерден пайдалануы, азаматтық алуы уақыт озған сайын қиямет қайымға айналған. Енді міне қазақ үкіметі «Қазақ көшін» бір жолата тоқтататын қадамға барғалы отыр. Бұл Елбасының көш-қон саясатының беделін түсіріп, елі ішінде де, халықарада да мемлекеттің абыройын айрандай төгетін қитұрқы тірлік.

Асылы Осман апамыз Елбасының бұл Заңға қол қоймайтынына сенетіндігін жеткізді. Өйткені тәуелсіздіктен кейінгі «Ұлы көштің» авторы «Ұлт көшбасшының» өзі. Аталмыш заңға енгізілген соңғы өзгерістер Елбасына, елдің саясатына, бүгінгі жетістігіне көз алартатын ат төбеліндей тобырдың әрекеті болуы мүмкін екендігін айтқан экс-депутат бүгінгі Парламентте отырған халық қалаулыларының өз қызметтеріне лайық емес екендігіне налыды. Өзбек Халмұрадовтан басқа қазақ мүддесін жоқтайтын депутат жоқ па деп ашынды Асылы апамыз.

Ал Қабдеш Жұмаділов бастаған ақсақалдарымыз аталы сөзін айтып, бүгінгі биліктің не үшін қазаққа қарсы жұмыс жасап жатқандығына, тәуелсіздіктің ертеңіне тікелей қатысты дүниелерге осыншама «дұшпандық» көрсететіне түсінбейтіндіктерін жеткізді. Ақын Мұхтар Шаханов «Қазақ көшінің» жалпы ұлт болашағына тікелей қатысты екендігін, сондықтан барлық ұлтшылдар бірлесіп, қазақ халқының алдын кес-кестеген осындай қитұрқы тірліктерге бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қарсы тұру керектігін айтты. Көші-қон мәселесін жіліктей білетін тарихшы Зардыхан Қинаят ақсақалдың сөзі жиналған жұрттың көңілінен шықты.  «1990 жылдары қазақ әлсіреп қалған ұлт болатын яғни құрудың аз алдында қалып еді. Меніңше, қазақ мемлекетінің бүгінгі күнге жетуіне үш нәрсе тікелей себеп болды. Біріншісі, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі. Екіншісі, тәуелсіздік алуымыз. Үшіншісі, қазақ көші», - деді Зардыхан ақсақал. Ал елдігімізді бекемдеген «Ұлы көшке» бүгінгі жеткен, жетіскен шағымызда нүкте қою ол ешқандай қисынға симайтын дүние деді кәсімби тарихшы.   

Бір әттеген-айы, аталған жиынға тек тәуелсіз басылым журналистері мен KTK, 31 телеарна тілшілері қатысты. Ұлт болашағына тікелей қатысты осындай мәселеге мемлекет қаржыландыратын  ұлттық басылымдардың, ұлттық телеарнаның бас ауыртпауы жиылған жұрттың ренішін тудырды.

Баспасөз мәслихатына жиналғандар ендігі кезекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақ зиялыларының атынан ашық хат жазып, одан нәтиже шықпаса алда өтетін ұлтшылдар жиналысында тиісті шешімдер қабылдайтын болып тарасты. «Ашық хат» мәтінін алдағы күнде жариялайтын боламыз. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5335