Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ. Дүмшелік діңкелеткен қоғамды даңғойлық жайлап барады
Мінсіз қоғам атаулы тек қиял ғажайып ертегіде де ғана болатын шығар. Қоғамдағы түрлі проблемаларға барынша толеранттылық танытатындығымыз да осыны түйсініп, тіршілік түйткілдеріне мойынсынудан туындайтын болса керек. Бұл жерде ең бастысы, қоғам өмірі үнемі алға шығарып отыратын өзекті мәселеге қалай баға беріп, қандай жолмен шешіп жатқандығымыз маңызды. Алайда, дәл бүгінгі таңда туындап отырған мәселелерге көбінесе рационалдық тұрғыдан келудің орнына эмоционалдығымыз басым түсіп жататын тұстарымыз көп-ақ. Әрине, ондай тәсілдің бізді ұшпаққа шығаруы неғайбыл дүние.
Қоғамда туындаған әрбір өзекті мәселені шешудің ақырғы нәтижесі оның тиімділігімен, халыққа тигізген пайдасымен ғана өлшенсе керек. Бүгін бір кәсіпорынды алаулатып-жалаулатын ашып алып, ертеңінде онысы қаңырап бос тұрса, ел ішінде ұлттық брендті айтпағанда тұрмысқа қажетті ешбір өнім шығарылмаса, жастарға жұмыс орнын ұсынбасақ, оның қандай мәні бар?! Қолға алынған әрбір іс рационалдықпен, алдын ала ойластырылған есеппен, нақты дерекке негізделіп жасалмаса, бәрі бос сөз болып қана қала бермек.
Мінсіз қоғам атаулы тек қиял ғажайып ертегіде де ғана болатын шығар. Қоғамдағы түрлі проблемаларға барынша толеранттылық танытатындығымыз да осыны түйсініп, тіршілік түйткілдеріне мойынсынудан туындайтын болса керек. Бұл жерде ең бастысы, қоғам өмірі үнемі алға шығарып отыратын өзекті мәселеге қалай баға беріп, қандай жолмен шешіп жатқандығымыз маңызды. Алайда, дәл бүгінгі таңда туындап отырған мәселелерге көбінесе рационалдық тұрғыдан келудің орнына эмоционалдығымыз басым түсіп жататын тұстарымыз көп-ақ. Әрине, ондай тәсілдің бізді ұшпаққа шығаруы неғайбыл дүние.
Қоғамда туындаған әрбір өзекті мәселені шешудің ақырғы нәтижесі оның тиімділігімен, халыққа тигізген пайдасымен ғана өлшенсе керек. Бүгін бір кәсіпорынды алаулатып-жалаулатын ашып алып, ертеңінде онысы қаңырап бос тұрса, ел ішінде ұлттық брендті айтпағанда тұрмысқа қажетті ешбір өнім шығарылмаса, жастарға жұмыс орнын ұсынбасақ, оның қандай мәні бар?! Қолға алынған әрбір іс рационалдықпен, алдын ала ойластырылған есеппен, нақты дерекке негізделіп жасалмаса, бәрі бос сөз болып қана қала бермек.
Дәл бүгін басы таудай, соңы қылдай болып, су аяғы құрыдымға кетіп жатқан шаруа бізде қаншама. Мұның бәрі айналып келгенде, бізді дағдарыстан алып шығатын шын көсемнің жоқтығының салдары секілді көріне береді. Ол үшін өзгенің Дэн Сяо Пинін немесе Ли Куан Юін қарызға ала салатындай ол бір әлемдік банкіден беріле салатын кезекті кредит емес қой. Бақандай адам, адам болғанның өзіндей нағыз алтын басты, таптырмайтін тірі капитал.
Біздегі санда бар, санатта жоқ партиялар өз қатарларынан көсем тудырмақ тұрмақ өздері жөні дұрыс саяси күш болып қалыптаса алмай жатыр. Социализмнен бұрын төрелерді хан етіп көтеріп, билердің пәтуалы сөзіне тоқтадық. Отарлана бастаған тұста «ақ патша» мен «жандаралдарды» көсем тұттық. Кеңес одағы кезін әзір ешкім ұмыта қоймағандықтан айтпай-ақ қойғанымыз жөн. Ал, жаңа 21-ғасырда өз қолымыз өз аузымызға жетіп, дербес дамып кетейік десек, арамыздан көсемді былай қойғанда жібі түзу зиялы таппай шарқ ұрып жүрміз. Айналаға қарасақ, бәріміз Мұхтар-ағам Мағауин айтқандай «орташа және одан төмен» деңгейдегі ғана атқарушылар болып шықтық. Жалпы, көсемсіз һәм шын зиялысыз мемлекет қайда барып тұрақтамақ?!
Қазіргі әкім-қаралардың, министрлердің, депутаттардың істерін, сөздерін, болмыстарын көргенде көсемді қоя тұрып алдымен жібі түзу оқыған-тоқыған қауымды қалыптастырып алу керек екен ғой деген ойдың жетегінде кетесің. Бюджет қаржысын дұрыстап игере алмай миллиардтаған қаржыны кері қайтарып отырған, портфелдерінде ілікке алар бір даму бағдарламасы жоқ, қабілет-қарымы тым төмен үкімет пен оны бақылауға пәрмені жетпейтін парламенттен не үміт, не қайыр?!
Саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық рухани, моралдық терең дағдарысқа ұшырап отырған дәл бүгінгі күні қазақ қоғамы жемқорлықтың отын «көсеушілер» мен қазына қаржысын атадан қалған мұрадай алаңсыз «асаушылардан» әбден мезі болды. Отаршы залым империяның қолтығының астынан толықтай дербес суырылып шықпайынша, қазақ халқы өзі тудырған төл көсемін танып, мойындамайынша демократияның да күні қараң. Дәл қазір көппартиялымыз деудің өзі еш қисынға келіп тұрған жоқ.
Қалай десек те мемлекет үшін көсем ауадай қажет. Ақыл. Парасат. Білім. Әрине, тумысында түк көрмеген, пара беріп лауазымға жеткен орташа деңгейдегі көп алаяқтардың арасынан аталмыш үш қасиетті бойына толық сіңірген бір тұлғаны табудың өзі мұң. Дербес қадір-қасиетімен, дара қабілет-қарымымен мойындалып, өзін жан-жақты кешенді түрде дамытқан ірі саяси тұлға ғана көсемдікке көтеріле алса керек. Ал, олай ете алмағандар сол көп тобырдың арасында шаңға басылып қала бермек.
Алдымен өзіне бетбұрыс жасап, ортадан оқшауланып, көз ашқан, ел көріп, жер таныған, әлемдік деңгейде кеңінен ойлап-толғана алатын, оның өзінде талай қиын-қыстау сынақтардан өткен шын сапалы саяси тұлға ғана көсем ретінде танылмақ. Осыдан екімың жарым жылдай бұрын Грек философы Платон адамдар өздерін қараңғы үңгірде қамалып өмір сүріп отырғандай сезінген кезінен бастап әлем елдері дамудың даңғыл жолына түскенін айтқан. Үңгірден шығып, күннің шуағында өмір сүру мүмкіндігі туралы жазғанда Платон оған да ерік күш пен қабілет керек болатынын ескерткен. Оның түпкілікті мағынасы, адам баласы өзінің сенім-нанымының жетегіне соқырлықпен еріп кету емес, оны тексеріп, адасушылықтан шығып, бәріне көз жеткізгенде ғана жасай алатындығын меңзегендігінде. Оған мысал ретінде Платон көп адам күннің көзіне шағылысқан қос жанарын аша алмай қайтадан үңгірге қарай ұмтылатындығын, оған төзгендер ғана жеңетіндігін келтірген.
Бұл жерде жоғары деңгейдегі көсем туралы әңгімені біз ойдан шығарып отырған жоқпыз. Бұл ұғымның түп атасы Герман философы Фридрих Ницше. Ол 20-ғасырдың басында «жоғары адам» дегенге жету үшін «мен» дегеннен ажырап «жоғары мен»-ге жетуге мүмкіндік болатынын «Саратустра осылай айтты» деген кітабында жазған көрінеді. Онда көсемдікке жетудің қаншалықты ауыр әрі күрделі екендігін егжей-тегжей баяндай отырып, адамның өзгеруі жаңадан дүниеге қайта келгенмен бірдей деп түсіндірген.
Соңғы 20 жыл бізге көп дүниені аңғартқандай болды. Тәуелсіздік алу, демократиялық зайырлы қоғам құру дегеніміз өзінен өзі гүлденіп дамып кету деген сөз емес секілді. «Дамушы» деп аталатын артта қалған елдер қатарында алдағы уақытта да қала беретін түріміз бар. Бұл қатардан шығып, «жоғары дамыған өркениетті ел» қатарына қосылу үшін бізге көсем керек екен.
Француз жазушысы әрі ұлы ойшылы Александр Дюма «Граф Монте Кристо» романында «жоғары деңгейдегі адам» яғни, көсем дайындаудың классикалық тәжірибесін бейнелегені мәлім. Ол романның жазылғанына 160 жылдан астам уақыт өтсе де маңыздылығын жойды ешкім айта алмас. Романдағы бас кейіпкер Эдмон Дантес деген теңізшінің абақтыдағы 14 жыл ішінде философ Фариа «төменгі» тобырдан «жоғары» деңгейдегі тұлға етіп қалыптастырмайтын ба еді. Фариа – өте көп оқыған философ, теорияшы адам. Оны әдебиеттанушылар соңғы кезде кейбір тілге аударылғанда пірәдар, діндар іспетті қате тәржімаланған деп жүр.
Қалай десек те теңізші Эдмон Дантесті сол Фариа қарияның білімге баулитыны рас. Философиядан бастап, шет тілін меңгертіп шығады. Оның өзінде оқу, үйрену дегеніміз құр жаттау мен өзгеге еліктеп, оны қайталау емес дегенді құр жаттау мен өзгеге еліктеп, оны қайталау емес дегенді аңғарғандай боламыз. Ақыры, Эдмон Дантес элиталық ортада өзін қалай ұстауды, қалай сөйлеуді игеріп алады. Абайдың айтатын «толық адам» болу үшін әлгі теңізшіге 14 жыл қажет болды. Абайдың өсиеттерінде «жарты адам, жарты молда, жарты мұсылман» яғни, білім мен ғылымды жартылай игергеннен игермегеннің артық екенін меңзейді. Расында, бізді құртатын, қазір де діңкелетіп отырған фактор – дүмшелік болса керек. Оның бетіне тура қарап, мінін көрсетудің орнына даңғаза мадаққа бөлеп даңғойлардың бір жерлерін шелейтіп тастаймыз.
Биылғы жылы мемхатшының қозғау салуымен бізде тарихқа деген ерекше «тағзым» кең өрістеп, асқан бір науқаншылықпен қолға алынып жатыр. Кейде тіпті әсіре қызылдыққа бой алдырып жатқандығымыз қылаң беруде. Бұл жерде «әсіре қызыл тез оңатындығын» еске алғанымыз абзал болар. Қазақ бекер айтпаған ғой, «дәстүрдің озығы да тозығы да бар» деп. Жас буын тарих оқулықтарын оқыған соң «осындай дәстүріміз, салтымыз болған екен ғой» деген ұғымды ғана таниды. Әйтпесе, бас салып оны бүгін жүзеге асырмаққа ұмтылса, адасушылық болар еді. Тарих таным ретінде сол кітаптың ішінде тұратын құндылық. Бірақ, ол қазір жүзеге асырлатын даму бағдарламасы емес.
«Мен өзі кім едім?» деген сұрақты өзіне қойып көрмеген тыраштардың әрекеттеріне 20 жыл бойы әбден қанық болдық. «Жоғары адам» болуға «ауырдың асты, жеңілдің үстімен» жүріп те жетуге болады деп адасқандар бәрін ақшамен, парамен сатып алмаққа ұмтылып қатты шатасып жатыр. Кешегі күндері «ғылым докторы, кандидаты» дәрежесін, «профессор, академик» атақтарын лауазымның буымен, тамыр-таныстықтың ықпалымен жаулап келсе, олар енді «PhD, магистр» дәрежесін сол тәсілмен игеруге көшті. Олардың арасынан бір кітапты түп нұсқасынан толықтай оқып шыққандарын кездестірудің өзі мұң.
Совет одағы құлағаннан кейін елдегі азын-аулақ өндіріс орындарын, колхоз-совхоздарды таратып, жекешелендіріп «ішіп-жеп» алған ат төбеліндей топ олигархтарға айналды да бұрын алатын жалақысы мен тәп-тәуір тіршілігі барлар кедейлердің қатарын толықтырды. Барын сатып үлкен қалаларға жеткендері екінші деңгейдегі банктердің жеміне айналды. Несиесін төлей алмағандары басындағы жалғыз баспанасынан айырылғандарына төзе алмай өздерін өртеп немесе биіктен секіріп жарық дүниемен мезгілсіз қош айтысып жатыр.
Жемқорлықтың арқасында байып алғандары қаңырап бос тұрған бірнеше тұрғын үй кешендерін ретін тауып үкіметке еселеп сатып, шетелдерден қымбат вилла алмаққа ұмтылып, жемтіктестерін жағалап жүр. Қоғамдағы екі тап та осылай жанталас пен қарбалас үстінде. Алайда, әйтеуір, жанталасып-қарбаласып жүргендігіне сырттай қарап бізде әлеуметтік теңдік пен демократия бар екен деп адасып жүрмесек болғаны.
Мың мәрте мылжыңдап, тыңдаған жұртты әбден мезі етсек те мемлекеттік тілге бізден жиналған салықтың арқасында шалқып өмір сүріп жүрген шенеуніктер пысқырып та қарамай қойды. Ол аз болғандай отаршы империяның өктем тілін өрге сүйреп, төрге шығарып қойдық. Айнала әлеммен солардың тілінде қатынасып, дүниеге көршінің көзімен қарайтын болдық. Өркениетті әлемнің озық ойларын, үздік теориялық тұжырымдарын солардың теріс-бұрыс аудармасымен, дүмбілез жартыкеш пайымдарына сүйеніп қате түсініп, адасқан үстіне шатасып жүрміз. Бірақ, соны түпнұсқамен қайта салыстырып, тікелей қазақшаға аударып, қателіктерді түзеудің орнына жалған ақпармен жылмағай есеп тапсырып, «Мәдени мұра» арқылы бөлінген қаржыны рәсуа еттік.
ЖОО мен мектептердің орыс топтары түлектеріне қазақ тілін меңгертудің орнына күнделікті өмірге қажеттілігі шамалы құрғақ ережелерді, тіл білімінің теорияларын тықпалап одан ары құтын қашырдық. Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген, советтік империяның жәбірін, қысымын көрмеген, таза қазақ мектебінің түлектері, ЖОО қазақ тобында білім алып жатқан студенттер сабақтан тыс уақытта өзара орысша сөйлесуді әдетке айналдырды. Мұны адасу мен шатасудың қай түріне жатқызуға болады?
«Жоғары адам» немесе көсемдікке жету үшін көптеген мүмкіндіктерден бас тарту қажет болмақ. Тәуелсіздік жылдарында демократия үшін биік лауазымнан бас тартқан неше лауазым иесін көрдік?
Керісінше, біздің қазіргі биліктегілер лауазымын сақтап қалу үшін ар-ұятты жинап қойып, бәріне баруы мүмкін. Кейбірі плагиаттықпен ұсталып жатса да міз бақпайтын болып алды. Өркениетті жұрттың министрлері жазған монографиясы мен диссертациясынан болмашы ілік табылған күні кешірім сұрап қызметін тастап кетіп жатыр.
Ал, біздің жиырма жылда қалыптастырған үрдістеріміздің өзі қорқынышты. Әрбір ұжымда аверзиондық яғни, бір біріне деген өшпенділік пен жауыздық белең алған. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істі бәрі бос» деген Абайдың өсиеті ұмытылған. Орталарынан озып шыққан бірін қолдаудың орнына жүндей түтіп, жүйкесіне тиіп реті келсе қаңғытып жіберуге бар. Айналаға көз салсаңыз, көретініңіз ештеңені зерттемеген «ғалымдар», оқымай-білмей ақыл айтатын «данышпандар». Көшелі ой қозғап, пәтуалы сөз айтудың орнына эфир атаулыдан көріп, еститініміз – жағымпазданған, мүләйімсіп көлгірсіген мән-мағынасыз көпіріп-лепірген көк мылжыңдаулар ғана. Мұның бәрі айналып келгенде, қазақ санасына зор сілкініс жасайтын шын мәніндегі ұлт көсемінің қажет екендігін аңғартады.
Abai.kz