Сенбі, 23 Қараша 2024
1035 2 пікір 16 Қаңтар, 2024 сағат 15:22

Жаңаөзенде мұнайшылар бейбіт наразылыққа шықты

Жаңаөзенде бесінші күн "МұнайСпецСнаб" компаниясы жұмысшыларының наразылығы жалғасып жатыр.

15 қаңтарда билікке қарата жариялаған видео үндеуінде талаптарының орындалмай жатқанын жеткізген.

Олар талаптары орындалмайынша бейбіт наразылықты жалғастыра беретінін айтады. Астанаға да баруға ниетті екенін мәлімдеді.

Наразылыққа қатысушылардың бірі Азаттыққа акцияға кемінде 300 адам қатысып жатқанын айтты. Жұмысшылар 11 қаңтарда келіссөз нәтиже бермеген соң, бейбіт наразылыққа шыққанын мәлімдеген. Олар қойып отырған жеті талаптың ішінде жалақыны көтеріп, еңбек жағдайын жақсарту бар.

Өткен аптада олар өздеріне қысым көрсетіліп жатыр деген. Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына да үндеу жолдап, мәселеге араласуын сұраған.

Билік және компания өкілдері әзірге жұмысшылар талабына қатысты пікір білдірмеді.

"МұнайСпецСнаб Компани" "Өзенмұнайгаз" және "Өзенмұнайсервис" компанияларына қызмет көрсетеді.

дереккөз: centralasian

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504