Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6235 0 пікір 28 Қазан, 2013 сағат 10:35

Қазақ отырса - опақ, тұрса - сопақ болды. Неге?

Жуырда «Қазақстан» арнасынан «Алаң» хабарына 2 мәжіліс депутаты, саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов (суретте), ұлтшыл жігіт Мақсат Ілиясұлы (суретте) т.б. қатысып, ұлт мәселелсі мен ұлтшылдық қаралды.

Телекөрсетім басталғаннан сөз алған Нұрлан Ерімбетов ұлтшылдарға құшырлана тиісті. Оның тарапынан елдің тыныштығын ойламайтын,өздерін көрсетуге ғана құштар шуылдақтар дегендей уәж айтылды. Тарихтан сабақ алмайды екен ұлтшылдар. Алматыда жалғыз қазақ мектебі болғанда Ташкентте 80 пайыз өзбекше мектеп болыпты, Грузияда 90 пайыз дегендей, сонда ұлтшылдар қайда қарап отырыпты-мыс?...

Бірақ мамандығы бойынша мәдениеттанушы Нұрлан мырза қазақтың қарапайым тарихын білуі керек еді: о бастан Орта Азиядағы қалаларда отырықшы өзбек, сарт, тәжіктер болғанын, ал қазақтар  Алтын Орда дәуірі аяқталып, қазақ хандығы  жоңғар шапқыншылығынан әлсіреген соң көшпелі ғұмыр кешкенін,  коммунистер империясы орнағанда қазақтың кең-байтақ жерін иелену мақсатымен небір қитұрқы саясатпен оның қырылғаны не шетке қуылғанын; ақырында қалаға да шектеу қойып, мектеп түгілі қала қызығын да көрсетпей,  тұрақты тіркеудің шектелгенін... Осының бәрін Ерімбетов білмейді дей алмаймыз. Біледі!

Әу бастан ортаазиялық қалалардың басты тұрғыны әлгі аталған халықтар екенін несіне жасырамыз; ал қазақтарды зорлап қоныстандыру мен колхоздастыру - олардың барлық менталитетін жойу мен шаруасын күйзелтіп, басқа халықтарға басыбайлы бағынышты психологияға түсіргенін мәдениеттанушы мырза білмесе білуі керек еді.             Алматыда да, облыс орталықтарында да Қазақ зиялысы бір мектеппен шектелгісі келмегені өз алдына мәселе. Ерімбетовтың алдында ақталмай-ақ қояйық.

Өткен ғасырдың 60-жылдары Ташкентте жер сілкініс болғанын пайдаланып, оған қалың орысты қаптатқаны бар, олар жаңа үй тұрғызуды сылтауратып, сонда қалып қойуы керек еді. Бірақ өзбектің ұлтшылдары бір түнде бірнеше орысты бауыздап кеткен... Ал, бұларды кім дейміз? Қазақтар сондай бір қылық танытты ма? Тіпті, бір ұлтшыл "басқаларды қуу керек!" деген ұран тастады ма? Бар болғаны «бізді ұлт ретінде мойындаңдар» деген әңгімеден басқа не бар?! Мәселе – Нұрланның бұларды білмеуінде емес, қасақана білмеусуінде. Оның пиғылында басқа нәрсенің тұруында. Бұған келесі әңгіме тиек болады.

Ұлтшыл Мақсатты жазғырған Тұртаев деген депутат өзінің баласын қазақ мектебіне бергенін сөз қылып, демогогияны бықсытып бұлданса, әрі ақын, әрі ауған соғысының ардагері, батыр азамат  Бақытбек Смағұл Оңтүстік Қазақстан облысына барған жайды сөз етті...

Оңтүстікке барған депутаттар ішінен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д.Назарбаева бастаған депутаттар сайлаушылармен кездессе керек. Содан бір орыс жігіт қазақша сұрақ қойыпты, оған жауапты Дариға ханым «орысша берейін бе?» десе, анау «маған мемлекеттік тілде жауап беріңіз» депті. Содан Дариға да, орысша баяндама жазып барған басқа депутаттар да амалсыз қазақша шатып-бұтуға тура келген. Телеэкрандағы Бақытбек депутат «міне, осындай өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген ынтасы керемет емес пе?!» дегендей сүйсініс білдіреді. Ал, енді соны Дариғаға қазақ айтса, оны Нұрлан Ерімбетовтер «ұлыған ұлтшыл» дер еді. Тіпті,бұдан бірнеше жыл бұрын астанадағы Гумилев университетінде осындай тіке сұрақ қойған бір қызылордалық қазақ студенттің оқудан қуылғаны да бар... Ал егер де әлгі шымкенттік жігіт «менің тілімде жауап беріңіз» десе ше? Онда басқа қазақты көзге ілместен төрайымнан бастап бәрі сол тілде сайрайтыны белгілі.

Не дейміз? Неге мемлекеттік қайраткерлер өгей тілді елге таңып, азаматтардың басын қатыруда? Мәселе болашақта билікті алуға тиіс жас ұрпақтың кәзіргі билік пен байлықты бауырына басқандардың балаларының өгейтілді екендігінде! Олар қазақтан Қазақ елін қызғанып, қазақтілділерді қайткенде азайтуға бастары қатып, ақыры шетелдік қазақтарға азаматтық бермеуге түрлі қитұрқылар қарастыруда. Тіпті, даму жолына толық түспеген Қазақстанға ЭКСПО-2017 қалайша беріле салды: миллиондаған адамдарды келтірумен тағы да қазақтың саны азайту қарастырылып отырмасын! Соңғы заңжоба да соның нәтижесі. Әйтпесе, Қазақстандағы қазақ еместердің қазақта ешбір ақысы қалған жоқ, ақысы қалғандар -  қазақтың атынан елді өңгергендер. Олар үшін ұлтшылдар ең қатерлі топ. Қазақтың кәзіргі құлдығын бүгінгі бишікештерден тартып алып, ҚАЗАҚҚА бостан таң атқызатын тек - солар. Сондықтан қазақ ұлтшылдарын отырса – опақ, тұрса – сопақ ету әлгі дүбәрә топтың басты аңсары, солардың сценарийі. Өйткені, «солар» кәзіргі қазақтың көріп отырған ақуалын бастан кешкісі жоқ, себебі, олар бұл ақуалды өте жақсы біледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315