Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1554 3 пікір 19 Қаңтар, 2024 сағат 13:09

Асқар Мамин Түркияда көзге түсті

Қаңтар оқиғасына дейін Қазақстан үкіметін үш жыл басқарған Асқар Мамин қазір демалыста. Былтыр Өзбекстанда хоккейшілерді марапаттаған экс-шенеунік енді Түркияда қыдырып жүр, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Блогер Денис Денски 58 жастағы Маминді Түркия көшелерінде видеоға түсіріп алған.
Соңғы рет ол Өзбекстанда хоккейшілерді марапаттаған кезде көзге түскен.

Айта кетейік, Асқар Мамин басқарған Үкімет 2022 жылы қаңтар оқиғасының бел ортасында тарап, орнына Әлихан Смайылов жайғасқан еді. Ал Мамин сол кеткеннен кейін ешқандай лауазымды қызметке тағайындалмады.

фото: скриншот

Abai.kz

3 пікір