Қазақ әскері қайда барады? «Голан биіктігі» дегеніміз не?
БҰҰ‑ның Бітімгершілік Күштері құрамындағы Қазақстан Бітімгершілік контингенті 2024 жылдың Наурыз айынан бастап Голан биіктіктіктеріндегі шегаралық бөлініс белдеуінде орналасатын болды. Ол үшін тараптардың өз міндеттерін және контингенттің миссиға қатысуын қаржылық, материалдық‑техникалық қамтамасыз етуді айқындайтын БҰҰ‑мен Халықаралық Шарт жасалатын болды. Сонымен, «Голан биіктігі» дегеніміз не? Бүгін оның қысқаша тарихымен таныстырамыз:
Голан биіктігі ‑ Таяу Шығыстағы вулкандық таулы аймақ. Ол Израиль мемлекетінің солтүстігін, Тивериад көлінің (иврит тілінде Кинерет көлі) маңын алып жатыр. Биіктігі – 2814 метр. Ауданы – 1800 км.кв. Қазір ол Таяу Шығыстағы талас тудырып отырған территория болып саналады. Оның батысын, яғни, 3/2 бөлігін Израиль иемденіп отыр. Қалған шығыс бөлігі Сирия мемлекетінің бақылауында.
Голан биіктігінің тарихына шолу жасасақ, бұл жер 1944-1967 жж аралығында Сирияның Кунтейра провинциясының құрамында болған. 1967 жылғы маусым айында болған Алтыкүндік соғыста Израиль бұл территорияны басып алды. Израиль өзіне бағынышты территорияны 1981 жылы аннекциялаған. Бірақ оны Халықаралық қауымдастық мойындаған жоқ. БҰҰ‑ның Қауіпсіздік Кеңесі де бұл шешімді мойындамады. (1981 ж. Резолюция 479 (17.12. 1981)).
Сөйтіп, Сирия мен Израилді бөліп тұрған шегара қай уақытта да қақтығыс алаңына айналуы мүмкін. Міне, осы сызық бойында демилитиризацияланған белдеуге БҰҰ‑ның Бітімгершілік Қарулы Күштері орналасқан. Олар осыған дейін таласты Голан биіктігінде соғыс өрті тұтанып кетпеуінің кепілі болып тұр. Ал, 2019 жылдың 25 наурызында АҚШ президенті Дональд Трамп Голан биіктігіндегі Израиль бақылауындағы территорияда Израиль егемендігін мойындады. Сөйтіп, АҚШ Голан биіктігіндегі Израил егемендігін мойындаған жалғыз мемлекет болып шықты. Ал, Сирия жағындағы территорияны 2011-2018 жж Сирияда орын алған азаматтық соғыста көтерілісшілер мен мождахедттер жаулап алды. Сирия оны содырлардан тек 2018 жылдың жазында ғана босатты.
Қазақстандық контингент өз миссиясын қазіргі Таяу Шығыста орын алған Израиль‑Палестина соғысы жүріп жатқан кезде атқаруға бара жатыр. Әрине, Сирияның Ливан мен Иранға қосылып, Палестина жағын қолдауы біздің контингент үшін жағымды емес. Бірақ, БҰҰ‑ның әскери инспекциясы өте жоғары бағаланған 430 адамнан аспайтын рота өз миссиясын абыроймен атақарады деп сенеміз.
Abai.kz