Сенбі, 23 Қараша 2024
1037 4 пікір 23 Қаңтар, 2024 сағат 13:33

Қазақстан Ғылым академиясы төралқасының құрамы толық өзгертіледі

Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жақын арада Қазақстан Ғылым академиясы президиумының құрамы 100% ауысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, қазір Ғылым академиясының жан-жақты, оның ішінде заңды деңгейде трансформациясы жүріп жатыр.

– Жаңа ережелер дайын. 2-3 аптадан кейін біз жаңа академиктерді сайлау процесін бастаймыз. Қазір Академия қоғамдық ұйым түрінде жұмыс істейді, ол жойылады. Академиктерді іріктеу жағынан жаңа конкурс рәсімі басталады, - деді Нұрбек.

Министр ғылымға үлес қосқан, еңбек сіңірген ғалымдар "құрметті академиктер" мәртебесіне ие болатынын атап өтті.

Жаңа қатаң іріктеу талабы ғалымның жасынан бұрын халықаралық журналдарда, нақты ғылыми жаңалықтар мен жобаларды жасай алуына қарайды.

Ғылым министрлігінің басшысы жас шегі алынып тасталғанын, енді академияға нақты ғалымдар кіретінін, яғни академия төралқасы 100% жаңартылатынын атап өтті.

фото: egemen.kz

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406