Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3030 0 пікір 21 Мамыр, 2009 сағат 08:16

Қыра берсе бекірені, балық қалай жетіледі?

Көктемгі уылдырық шашуға байланысты салынған қатаң тыйымды ескермей, заңсыз балық аулаған браконьерлерден 2 миллион 952 теңге айыппұл өндіріліп алынды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінен Олег Ивашенко.
Уылдырық шашу кезінде балық ұстау үлкен күнә екенін біле тұра, қынаша қыратын балықшылар болады. Кейбіреулері бағалы тұқымды балықты уылдырығын алу үшін аулайды. Осы жолы жүргізілген рейд барысында заң бұзушылардан 28 тонна балық, оның ішінде 1,8 тоннадан астамы бекіре тұқымдас, 8 келі жуық уылдырық, 879 балық аулау құралы, 55 жүзу құралы тәркіленген. Құнды балықтар өсірілетін тек қана Орал-Каспий бассейні аумағында жүргізілген «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында ішкі істер органдары заңсыз балық аулау, балық өнімдерін заңсыз сатып алу, сату сияқты 202 тәртіп бұзушылық анықталды. Келтірілген шығын 5 миллионнан астам теңгені құраған екен.

– Ішкі істер органдары балықтар уылдырық шашатын кезеңде белсенді браконьерлік іс-әрекет байқалатынын ескере отырып, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы және республиканың басқа да су қоймаларында балық қорын қорғау бойынша облысаралық бассейндік басқармалар қызметкерлерімен бірлескен браконьерлікке қарсы рейдтік іс-шаралар жүргізді. Аталған облыстарда балық шаруашылығы саласы бойынша 895 заң бұзушылық айқындалды, заңсыз балық аулауға қатысты қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша 19 қылмыстық іс қозғалды, ал 183-бабы (заңсыз сатып алу немесе балықты және оның өнімдерін сату) бойынша 34 қылмыстық іс қозғалды. 830 браконьер мен заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Атырау облысы ІІД-нің қызметкерлері «Атырау-Орал» тас жолында 5 тонна бекіре балығын тиеген «Камаз-5320» автомашинасын ұстады. Бұлардың тиісті құжаттары болмаған. Каспий теңізінің жағасында бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулағаны үшін Форт-Шевченко қаласының тұрғыны ұсталды, одан 27 келі бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді. Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай АІІБ табиғатты қорғау полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында «Бүқтырма» өзенінің жағасына Қазақстан Республикасының Қызыл кітапқа енгізілген «таймен» балығын заңсыз аулаған үшін Катон ауылының тұрғынын ұстады. Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 290-бабы бойынша (жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін заңсыз аулау) қылмыстық іс қозғалды, – дейді Олег Ивашенко.

Қайыржан ТӨРЕЖАН
«Айқын» газеті 20 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527