Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4130 0 пікір 4 Қараша, 2013 сағат 12:26

Ұлттық арна ұлт санасына серпін бермек

2011 жылдан бастап таза қазақ тілінде хабар таратуға көшкен «Қазақстан» ұлттық арнасы ұлт санасын серпілтетін және бір тың қадамды қолға алмақ. Алдағы уақытта арна эфирінде беріліп жүрген шетелдік телехикаялардың уақыты үш есеге қысқарады. Сосын келе-келе ұлттық арна тек таза отандық өніммен ғана «сөйлейтін» болады. Сөйтіп, республикалық телерадио корпорациясының басшылығы қарашаның 11-інен бастап түрік және кәріс сериалдарын эфирден ығыстырып, оның орнын қазақстандық телеөнімдермен толтыратын болады.

Осыдан екі жыл бұрын, нақты айтсақ, 2011 жыл­­дың қыркүйек айынан бастап ұлттық арна эфирі басқа тілден толық арылып, таза қазақ тіліне ауысқан еді. Содан бастап арна «ұлттық» атты ұлы мәртебеге толыққанды ие болғанын танытқан. Әл­бетте, талайдан айтылып жүрген осы мәселені көп­шілік көрермен қауым қуана-қуана қарсы алса да, бәзбіреулер «беделін биікке көтере алар ма екен» дегенге саятын күдікті де алға тартатын. Алайда ондай күдік бекер болды, керісінше арна талғамы жо­ғары көрерменнің көзайымына айналды. Биыл­дың өзінде ұлттық арнаның көрермені 53 пайызға өсті. Соның арқасында «Қазақстан» ұлттық арнасы елдегі аудиторияны қамту жағынан барлық теле­ар­наларды артқа тастап, республика бойынша бірінші орын­ға шықты.

2011 жылдан бастап таза қазақ тілінде хабар таратуға көшкен «Қазақстан» ұлттық арнасы ұлт санасын серпілтетін және бір тың қадамды қолға алмақ. Алдағы уақытта арна эфирінде беріліп жүрген шетелдік телехикаялардың уақыты үш есеге қысқарады. Сосын келе-келе ұлттық арна тек таза отандық өніммен ғана «сөйлейтін» болады. Сөйтіп, республикалық телерадио корпорациясының басшылығы қарашаның 11-інен бастап түрік және кәріс сериалдарын эфирден ығыстырып, оның орнын қазақстандық телеөнімдермен толтыратын болады.

Осыдан екі жыл бұрын, нақты айтсақ, 2011 жыл­­дың қыркүйек айынан бастап ұлттық арна эфирі басқа тілден толық арылып, таза қазақ тіліне ауысқан еді. Содан бастап арна «ұлттық» атты ұлы мәртебеге толыққанды ие болғанын танытқан. Әл­бетте, талайдан айтылып жүрген осы мәселені көп­шілік көрермен қауым қуана-қуана қарсы алса да, бәзбіреулер «беделін биікке көтере алар ма екен» дегенге саятын күдікті де алға тартатын. Алайда ондай күдік бекер болды, керісінше арна талғамы жо­ғары көрерменнің көзайымына айналды. Биыл­дың өзінде ұлттық арнаның көрермені 53 пайызға өсті. Соның арқасында «Қазақстан» ұлттық арнасы елдегі аудиторияны қамту жағынан барлық теле­ар­наларды артқа тастап, республика бойынша бірінші орын­ға шықты.

Әрине, бастапқыда аудиторияны барынша сақтап қалу үшін кейбір бағдарламалар мен фильм­дер­ді қазақ тіліндегі аудармамен беруге тура келді. Оның ішінде шетелдік телехикаялар да бар болатын. Ендігі күні, «Қазақстан» телерадио корпорациясы­ның басшылығы шетелдік телехикаялардың эфирлік уақытын қысқартып, оның орнына қазақстандық телеөнімдерді көптеп көрсетуге мүдделі. Себебі бұл – уақыт талабы, көрермен қауымының сұранысы. Бұған Қазақстан аумағында көрсетілетін елге етене танымал телехикаялардың рейтингісі дәлел бола алады. Мәселен, отандық киногерлер түсірген «Ұлжан» хикаясы үздік 15 сериалдың тізімінде 3-ші орынға орналасыпты. «Айналайын» телехикаясы да жоғары сұранысқа ие.

Әзірше ол 7-орында келеді. Ал бірінші орында – үндінің «Келін» сериалы. Міне, сол себепті «Қа­зақ­стан» арнасындағы шетелдік теле­х­и­каялардың эфирлік уақытын бірден емес, біртіндеп азайту жоспарлан­ған. Негізі, бұл жұмыс ағымдағы жылдың жа­зында басталып та кеткен. Қазіргі кезде «Қазақстан» ұлттық арнасындағы шетелдік телехикаялардың эфирлік уақыты төрт сағат­қа дейін төмендегенге ұқсайды. Бұл жалпы эфирдің 19 пайызын құрайды. Енді келесі жылға қарай шетелдік өнімге берілетін уақыты үш есеге, яғни 1 сағат 40 минутқа қыс­қарту жоспарланып отыр. Осылайша шетел­дік телехикаялардың үлесі бірден 7 пайызға төмендейді. Есесі­не, отандық фильм­дердің уақыты артады. Ал шетелдік хикаялардан үнемделген ақша өз сериалдарымызды түсіруге жұм­сал­мақ. Айталық, ағымдағы жылдың со­ңына дейін 60 млн теңге, ал келесі жылы 140 млн теңге үнемделеді деген жоспар бар. Осындай қаражаттың барлығын отан­дық телехикаялар мен бағдарламаларды шығару жұмысына жұмсау жоспарланған.

Ілияс ЫСҚАҚОВ, «Қазақстан» ұлттық арнасының директоры:

– «Қазақстан» ұлттық телеарнасы 55 жылдық тарихы бар үлкен медиа отау ғой. Бұл қара шаңырақта біраз кәсіби мамандар ұлтқа қызмет етті, қазір де жұмыс жасап келеді. Солардың арқасында ұлттық жаңа бағдарламалар шығып, көрермен қауымға жол тартып жатыр. Қазір ұлттық өнімді шығару – біздің басты мақсатымыз. Біз ұлт­тық өнімді шығарып қана қоймай, оның сапа­сына да ерекше көңіл бөліп келеміз. Биыл­ғы маусымда 12 жаңа бағдарламаны аштық. Бүгінде оның барлығы өз көрер­ме­нін тапты деуге болады. Ал телехикаялар бойынша «Ұлжанды» ерекше атап өтуге болады. Республика бойынша үздік 15 телехикаяның ішінен 3-орынға ие болу біз үшін – үлкен жетістік. 2011 жылы «Қазақ­стан» өз эфирін қазақ тіліндегі бір-ақ сериал­мен бастаса, екі жылдың ішінде оның саны 12-ге жетті. Ағымдағы жылы солардың барлығы 229 бөлімді құрады. Сондықтан қарашаның 11-інен бастап біз түрік және кәріс телехикаяларын бірте-бірте алып тастауды жоспарлап отырмыз.

Алайда «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының басшылығы шетелдік сериалдардың түсін түстеп, аты мен затына қарай қысқартуды қарастырып отырған жоқ. Негізгі мақсат – отандық телеөнімді барынша арттыру.

Ләззат ЖҮНІСОВА, «Қазақстан» респуб­ли­калық телерадиокорпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

– Жалпы, шетелдік сериалдарды отан­дық телеөнімдермен алмастыру – біздің бас­ты мақсатымыз. Бұл – көрерменнің де тала­бы. Демек, келесі жылы шетелдік те­лех­икаялардың эфирлік уақыты төрт сағат­тан 1,4 сағатқа дейін қысқарса, оның орны­на отан­дық сериалдар мен бағдар­ла­малар көр­сетілетін болады. Ол үшін мемлекет ақ­шаны аяп отырған жоқ. Қазіргі кезде жақсы кино түсіруші компаниялар да қалыптасып үл­герді. Негізі, 2009 жылдан бастап санай­тын болсақ, біз 36 телехи­кая­ны жасап шы­ғар­дық. Соның барлығы 647 сериядан тұра­ды. Демек, қазірдің өзінде «Қа­зақстан» ұлттық арнасында 650-ге жуық сериясы бар отандық телехикаялар мұрағаты қалып­тас­ты. Әрине, оның барлығы мемлекеттің қар­жысына түсірілді. Енді алдағы уақытта кино­гер компаниялар өсіп-өніп, телехикая­лар­ды өз ақшасына түсіреді деген сенім де жоқ емес. Себебі бұл – әлемдік тәжірибе.

Осы орайда «Қазақстан» корпорация­сы­ның басшылығы отандық киноны түсіргенше, шетелдік телехикаяларды сатып алған тиімді екенін де жасырмайды. Бүгінде шетелдік хикаяның бір сағатын көрсету бағасы 1-5 мың АҚШ доллары болса, сол сериалдың бір сағатын түсіру үшін 30 мың доллардан астам қаражат қажет. Біле-білсек, қазір «Сұлтан Сүлей­ман» телехикаясы ең қымбат жоба болып саналады. Түріктің осы туындысының бір сериясына 600 мың доллар кетеді екен. Ал түріктің және кәрістің телехикаялары одан бір­неше есеге арзан екені белгілі.

Нұржан МҰХАМЕДЖАНОВА, «Қазақ­стан» республикалық телерадиокорпора­ция­сының басқарма төрайымы:

– «Қазақстан» ұлттық телеарнасында түрік және кәріс телехикаяларының көр­сеті­­ліп жатқанына біраз уақыт болды. Бүгін­де біз эфирдегі отандық өнімді ба­рын­ша арт­тыру мақсатында сол түрік және кәріс сериал­дарынан бас тартайын деп жатыр­мыз. Келесі жылы олардың эфирлік үлесі бір­аз қысқарады. Алайда біз онымен әлем­дік кино индустриясының өнімдерінен толы­ғымен бас тартамыз деп отырған жоқ­пыз. Себебі қазақтың көрермені де өз тілін­де әлемге әйгілі кино жұлдыздардың фильм­дерін көргісі келеді. Біз оның бар­лығын тәржімалап ұсынатын боламыз.

Еске салсақ, «Қазақстан» ұлттық арна­сы түрік және кәріс телехикаяларын 2006 жылдан бері көрсетіп келеді. Ал 2009 жы­лы көрермен назарына алғаш рет «Аға­йын­дылар» атты отандық сериал ұсыныл­ды. Бүгінде телеарна эфиріндегі өнім­­дер­дің саны да, сапасы да күн өткен сайын артып отырғанын байқау қиын емес. Қазірдің өзінде отандық телехикая­лар­дың мол қоры қалыптасқан. Соның ішінде «Туған елдің түтіні», «Ұлжан», «Парыз», «Көк тарлан­дары», «Өмір өткел­дері» тағы басқа хикая­лар көрер­меннің көзайымына айналды. Жалпы, 2011 жылдан бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тапсырмасымен түсірілген телехикаялардың рейтингісі түрақ­ты түрде өсіп келеді. Оған TNS Gallup Media Asia зерттеу компания­сының деректері айқын дәлел бола алады. Мәселен, «Қазақстан» телеарнасы толықтай қазақ тіліне көшкен 2011 жылдан бері 100 мыңнан астам тұр­ғы­ны бар елді мекен мен қала тұрғын­да­рының оған деген сұранысы 55 пайызға артты. Ал арнаның орташа тәуліктік рей­тингі­сі 47 пайызға өскен. Әрине, осы оңтай­лы өзгерістерге отандық телехикая­лар­дың қосқан үлесі зор. Ең бастысы, ұлттық арнаның эфирі ұлттық өніммен толығатын болды. Ләзім болған іс деген осы да...

Автор: Арман АСҚАР

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371