Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1007 4 пікір 24 Қаңтар, 2024 сағат 12:23

Мәжіліс депутаты Шүкіжанованың өкілеттігі тоқтатылды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Динара Шүкіжанованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Парламент Мәжілісінің депутаты Динара Аманжелқызы Шүкіжанова міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай, Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты Д. Шүкіжанованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, Д. Шүкіжанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Abai.kz

4 пікір