Сенбі, 23 Қараша 2024
1399 0 пікір 24 Қаңтар, 2024 сағат 14:41

Қазақстанда электронды шылымға тыйым салынады

Сурет: Milkos / Depositphotos

Қазақстанға вейп әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салынады. Бұл туралы заңды Мәжіліс қабылдап,  аталмыш тәртіпбұзушыларға қылмыстық жауапкершіліктің де қарастырылғанын айтты.

"Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңда вейптерді заңсыз айналымға жібергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:

  • вейп сатқаны үшін ең ауыр жаза - 50 тәулікке дейін қамауға алу;
  • әкелу және тарату үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер үшiн - 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сонымен қатар, медициналық қызметкерлерге емделушінің жеке ерекшеліктеріне қарай емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау мүмкіндігін беру үшін медициналық көмек көрсету кезінде міндетті түрде клиникалық хаттаманы қолдану алып тасталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377