Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2805 16 пікір 25 Қаңтар, 2024 сағат 16:08

«Абайды ұрдық!» деген атын көтеріп мұратына жетті...

Болыстық сайлауда Абайға қамшы тиді. Бұл жайында Тұрағұл былай деп ашына да толғана жазады: «Біздің қазақ сорлы мансапқа таласпай жүре ме? 1898 жылы сайлау болғанда, бұрынғы Мұқыр атанған елдің сайлауына менің әкем барған. ...Мұқыр болысының ішіндегі менің әкемнің тілеулестері ...жалынып, жалпайып апарған.

Ақылы көзінде, елдігі де, жаулығы да қас пен көздің арасында тұратұғын сорлы қазақ, менің әкемді көрген соң, әкемнің досы жаққа қарай ауыса бастаса керек. Бастығы Оразбай, жолдастарымен осының өзіне қол тигізіп бір таңба салмасақ, ел ескі әдетімен ауа береді десіп, уезнойдың қасында әңгімелесіп отырған Абайға қолдарыңды тигізіп жанжал шығарыңдар деп жіберген. ...Таяқ тиді не, тимеді не, әйтеуір, «Абайды ұрдық!» деген атын көтеріп мұратына жетті».

Сөйтіп, «Абай сабалды, Абайды жеңдік» деген сөз қазақ даласын шарлап кетті. Сүрінгенін, жығылғанын аңсағандар ақыры мұратына жетіп тынды.

Асан Омаров, абайтанушы

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347