Сәрсенбі, 7 Қазан 2026
2389 1 пікір 26 Қаңтар, 2024 сағат 13:22

Ұлыбритания мен Катар Газа секторына гуманитарлық көмекті арттырмақ

Ұлыбритания мен Катар Газа секторына гуманитарлық көмек көлемін көбейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Бейсенбі күні Катардан жалпы салмағы 17 тонна болатын британдық-катар гуманитарлық көмектің алғашқы бірлескен партиясы жіберілді. Оның ішінде үлкен шатырлар да бар. Жүк ұшақпен Мысырға жеткізіліп, ол жерден көлікпен Газа секторына тасымалданады, деп хабарлады Ұлыбритания СІМ-нен.

Бұған дейін Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Израильге сапары барысында ел басшылығын Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу үшін шекара өткелдерін ашуға үндеген болатын.

Фото: UNICEF

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 863
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1162