Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінгенін сезді
Зілзаланың ошағы қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 262 км қашықтықта Қытай аумағына жатыр.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС бүгін (Гринвич бойынша 26 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 02 сағат 01 минут 28 секундта) жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың энергетикалық класы 12.7. Магнитудасы 5.7 MPV. Бағыты 41.32° с.е. 78.84° ш.б. жатыр. Тереңдігі 10 км. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 км қашықтықта Қытай аумағына жатыр.
«Алматы мен Талғар қалаларында жер дүмпуі 2 балдық болды» - деп хабарлады Алматы қаласының ТЖД.
Құзырлы органдардың хабарлауынша, кезекшілік қойылған аймақтарда құлаған ештеңе байқалмайды, жағдай қалыпты.
фото: egemen.kz
Abai.kz