Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1534 1 пікір 27 Қаңтар, 2024 сағат 10:51

Өзара сауда мен ынтымақтастықтағы кедергілерді жою

Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағаларының кездесуіне қатысты.

Екі ел премьерлерінің орынбасарлары – Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчук бастаған тараптар қос мемлекет үшін де маңызы зор мәселелерді талқылап, өзара түсіністікке қол жеткізді.

Жиында Болатбек Нәжметдинұлы Ресей Федерациясы арқылы өтетін қазақстандық тасымалдаушылардың проблемаларын көтерді. Атап айтқанда, қиындықтар Ресей-Беларусь шекарасында навигациялық пломбаларды салуды қажет ететін жүктерде туындайды.

Қазақстан тарапы үкіметаралық комиссияға «Лобок» өткізу пунктінде жүктердің жекелеген түрлеріне сәйкестендіру құралдарының жоқ екенін айтты.

Бұған жауап ретінде ресейлік тарап 2024 жылдың 1 ақпанына дейін өткізу пунктін навигациялық пломбаларды орнату жүйесімен және автокөліктерді өлшеуге арналған жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Үкіметаралық комиссия аясында қатысушылар кедендік реттеу, электрондық сауда салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, өнеркәсіптегі, денсаулық сақтау саласындағы жобалардың іске асырылу барысын және Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық процестерді тереңдетудің келешегін талқылады.

Abai.kz 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371