Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
1352 1 пікір 29 Қаңтар, 2024 сағат 17:52

Марат Бекетаевтың қамауға алу мерзімі ұзартылды

Сурет: gov.kz сайтынан алынды

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың қамауға алу мерзімі 21 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Abai.kz Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2024 жылғы 12 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Бекетаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылдың 21 ақпанына дейін ұзартуға санкция берді» деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Бекетаев 21 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған заңсыз тәркіленген активтерді қайтару науқаны аясында сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталған болатын. Сондай-ақ, ол қаңтар оқиғасы бойынша кінәлі деп танылып, қазір жазасын өтеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке жақын болып саналады. Кейін оның елден қашпақ болған жерінде ұсталғаны белгілі болды.

23 қазанда Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі дүйсенбі күні Бекетаевтың ұсталғанын ресми түрде растады. Сол күні экс-министрдің екі ай мерзімге қамауға алынғаны белгілі болды.

Дариға Ержанқызы

Abai.kz

1 пікір