Жұма, 22 Қараша 2024
1311 0 пікір 30 Қаңтар, 2024 сағат 12:43

Мирзиёев 16 ауданның әкімін қызметінен босатпақ

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 29 қаңтарда өткен жиында елдегі 16 әкімнің жұмысын тексеруді тапсырды. Бұл жөнінде мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді.

Оның сөзінше, 2 000 көп қабатты үй салып, оларды халыққа беру бойынша жоспар толық жүзеге асқан емес. 124 үй салынып бітпеген, тағы 450 үй пайдалануға берілмеген.

"Бұдан бөлек тұрғын үйге сұраныстың көп екеніне қарамастан, 2023 жылы 16 ауданда бірде-бір көп қабатты үй салынған емес. Президент аудан әкімдерін сынға алып, олар үй салуды жоспарламағанын айтты", - деді Асадов.

Президент тапсырмасына сәйкес, бір жыл ішінде бірде-бір көп қабатты үй салынбаған 16 ауданның әкімнің қызметін тексеруді елдің премьер-министрі Абдулла Ариповқа тапсырды.

Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5335