Сенбі, 23 Қараша 2024
1182 1 пікір 30 Қаңтар, 2024 сағат 12:48

Садыр Жапаров екінші рет президент сайлауына түседі

Қырғызстан министрлер кабинетінің төраға орынбасары Әділ Байсалов мемлекет басшысы Садыр Жапаров келесі президент сайлауына қатысады деп мәлімдеді. Бұл жөнінде ол 29 қаңтарда Азаттық радиосының "Сарапшылар талдайды" бағдарламасында айтты.

"Біздің президент келесі сайлауға қатысады. Конституция оған мүмкіндік береді. Сол себептен ол ісін жарты жолда қалдырғысы келмейді. Тіптен халық мүмкіндік бермеген жағдайда да. Халық жақын үш жылда көптеген жетістіктердің куәгері болады", - деді ол.

Президент әкімшілігі әзірге Садыр Жапаровтың екінші мерзімге сайлауға қатысатыны-қатыспайтыны жайында пікір білдірмеді.

"Сарапшылар талдайды" бағдарламасында Садыр Жапаровтың 3 жыл елді басқарып келе жатқан жылдарындағы жетістіктері мен кемшіліктері жайлы сөз болды.

2021 жылы қабылданған Қырғызстанның жаңа Конституциясына сәйкес, президент бес жылға сайланады. Ол екінші кезеңге сайлауға түсе алады. Садыр Жапаров 2021 жылдың 10 қаңтарында өткен президент сайлауында жеңіске жетті.

Дереккөз: centralasian

Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338