Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2032 0 пікір 7 Қараша, 2013 сағат 07:33

“Қытай Орталық Азияны ақшамен алдаусыратты”

Жақында АҚШ-тың беделдi басылымдарының бiрi Washing­ton Post газетiнде Саймон Де­нь­ер деген автордың “Қытай америкалық “Жаңа Жiбек жолы” жобасын жолда қалдырды” деп аталатын мақаласы жарияланды. Онда былай дейдi: “Өткен айда Қытай президентi Си Цзиньпин ондаған миллиард долларды қалтасына салып алып, ежелгi саяхатшылар туралы романтикалық ертегiлерiмен тұздықтап, екi жаңа “Жiбек жолы” туралы тұжырымдамасына Орталық Азия елдерi басшыларын елiтiп қайтты.

Жақында АҚШ-тың беделдi басылымдарының бiрi Washing­ton Post газетiнде Саймон Де­нь­ер деген автордың “Қытай америкалық “Жаңа Жiбек жолы” жобасын жолда қалдырды” деп аталатын мақаласы жарияланды. Онда былай дейдi: “Өткен айда Қытай президентi Си Цзиньпин ондаған миллиард долларды қалтасына салып алып, ежелгi саяхатшылар туралы романтикалық ертегiлерiмен тұздықтап, екi жаңа “Жiбек жолы” туралы тұжырымдамасына Орталық Азия елдерi басшыларын елiтiп қайтты.

Си Цзиньпин осы жолы “Жаңа Жiбек жолының” америкалық нұсқасын көлегейлеп тастады. Осылайша бұдан екi жыл бұрын ғана АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Хиллари Клинтонның Ауғанстанды “тiрiлтiп”, оны Орталық және Оңтүстiк Азиямен арадағы көпiр жасамақшы болған тiрлiгi көмескiленiп қалды.
Қытай басшысы осы жолғы сапарында Ресейдi сынап, АҚШ әскерiнiң Ауғанстан аумағынан шығарылуы туралы сөз еттi. Ондағы мақсаты – Орталық Азияда Қытайдың ықпалын арттыру.
“Қытай басшысы өте батыл қа­дам жасады, – дейдi Вашингтондағы стратегиялық және ха­лық­аралық зерттеулер орталығының сарапшысы Крис Джонсон.   – Сауда-экономика тұрғысынан қарағанда, аймақтағы бос ке­ңiстiктi Си Цзиньпиннiң қырағы көзi көрiп қойды. Бұл кеңiстiктi АҚШ қанша тырысқанымен толтыра алмаған едi”.
Қазақстанның Астанасында 30 миллиард доллардың келiсiм­шартына қол қойған Си “керуеннiң қоңырауын құлағы шалғанын” айтып, бұдан 2100 жыл бұрын Хань үрiмбұтағының елшiсi Чжан Цянның аймаққа жасаған сапарын сыналап сөз еттi.
Қытайдың Орталық Азия республикаларын айналып-толғануы он тоғызыншы ғасырдағы “Үлкен ойын” – Ресей мен Ұлыбританияның аймақтағы бәсекелестiгiн еске түсiрдi”.
Мiне, осылайша Орталық Азия­дағы ықпалы әлсiрей бастаған АҚШ-тың Қытайға қарап қабақ шытудан басқа амалы қалмағандай. Мақала авторы Қытайдың бұған дейiнгi екi басшысының да Орталық Азия мемлекеттерiн аралағанын, Си Цзиньпин де тәс­пiсiнен жаңылмағанын айтады.
Түптеп келгенде, АҚШ та, Қытай да Орталық Азияны “майшелпек” көредi. Бұл жерде қыбын тапқан Қытай “майшелпекке” қолды бiрiншi болып молынан салды. Ал АҚШ сыбағасынан айы­рыл­ғанның сандалып қалған кейпiн құшты.
Орталық Азия мемлекет­те­рiнiң, оның iшiнде Қазақстанның бұлқынуға, қарсылық көрсетуге дәрменi жоқ. Өйткенi Си шытырлаған ақшаның шетiн көрсетiп қойды. Автократтар басқаратын елдердi (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрiкменстан) қалпақпен ұрып алу Қытай үшiн түк емес. Олай болатыны, бұл ел­дердi жайлаған жемқорлық – Қытай үшiн мақсатқа жетудiң ең оңай жолы. Пара беру тәсiлi Қытайда атам заманнан берi бар. Қытайдың ежелгi жазбаларында Ұлы Жiбек жолы арқылы Орталық Азиядан келген бай-манаптарға, керуен басшыларына пара берiп, дегенiне көндiргенi айтылады. Қытай сол саясатты әлi ұстанады. Орталық Азия аймағында жағдай күрт өзгерiп, саясат басқа арнаға ауыспайынша алып аждаһа толғап-толғап жұта бермек.
Е.Көшербай.
"Жас Алаш" газеті
0 пікір