Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
1214 2 пікір 30 Қаңтар, 2024 сағат 13:33

ҰҚК: «Қаңтар оқиғасы кезінде жасырылған қару-жарақтар табылды»

24 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады.

«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

фото: ҰҚК Instagram парақшасынан

Abai.kz

2 пікір