Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір мүсіні алып тасталды
Елордағы Ұлттық музей экспозициясынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды.
Мұражай қызметкерлері мүсін бірнеше күн бұрын алып тасталғанын айтқан.
Бұрынғы президенттің мүсіні Астанадағы Ұлттық музейге 2018 жылы шілдеде қойылған болатын.
Ескерткіш үстінде латын әріптерімен қазақ тілінде мәтін жазылған:
"Менің арманым – Қазақстанның "Мәңгілік Ел" болуы. Заман өтеді, адамдар өтеді. Бірақ Тәуелсіздік қалады. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаев".
Фото:Tengrinews.kz
Abai.kz