Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
1294 0 пікір 2 Ақпан, 2024 сағат 13:58

Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін ұрған күдікті ұсталды

1 ақпанда Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісінің денесіне зақым келтірді деген күдікпен іздеу жарияланған адам ұсталды деп хабарлады Бас прокуратура.

Оқиға 27 қаңтарда болған. Тергеу кезінде ол жасырынып, оған іздеу жарияланған.

Нұрболат Дәкебаев есімді азамат уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Полиция Дәкебаев Қарағандыдан 200 шақырым қашықтағы қыстаудың бірінен табылғанын хабарлады.

Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

36 жастағы күдікті жедел жәрдем жүргізушісімен ұрысып, оны бірнеше рет соққыға жыққан. Бұл оқиғаны фельдшер видеоға түсіріп алған.

Жүргізуші неврология бөліміне жатқызылған. Оның бас миы шайқалып, мұрны сынған. Көзіне де зақым келген.

фото: qamqor.gov.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 676
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2660
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1709