Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
1013 0 пікір 6 Ақпан, 2024 сағат 14:30

Семейдегі сауда орталығында алапат өрт болды

Сурет видео скрині

Семейдегі ең ірі киім базарында таңғы сағат 3.00 шамасында өрт болып, оны сөндіруге 400-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылып жатыр.

Атап айтсақ, өртті жоюға жеке құрамнан 349 адам, 47 техника және 1 өрт сөндіру пойызы тілсіз жауды сөндіру жұмыстарын жалғастыру үстінде.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 ақпаннан 6 ақпанға қараған түні өртке қарсы қызметке Засядко көшесі, 65 мекенжайында алапат өрт болғандығы туралы хабарлама түскен. Екі қабатты ғимараттың 1-қабатындағы әртүрлі тауарлары бар пластикалық бутиктер өртеніп, өрт 2 қабат пен шатырға тараған.

Құдай сәтін салғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала шарпыған ауданы – шамамен 4 мың шаршы метрден астам. Оның шығу себебі анықталып жатыр, – делінген ТЖД хабарламасында.

Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы жұмыс істеп жатыр. Күштер мен құралдар №3 шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс атқаруда. Оттың жоғары температурада және ауқымды болуы мен ғимараттың орналасуы, жанғыш материалдар өртті сөндіруге қиындық тудырды.

Өрттің неден шыққаны тексеру барсында анықталатын болады. Алдын ала белгілі болғаны өрт іле шала 2 қабаттан жан-жаққа тараған.

Abai.kz

0 пікір