Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір екі ел шекарасының 90 пайызы айқындалды. Бұдан бөлек екі тараптың кездесуінде сауда-экономикалық қатынастың дамуы, парламенттік байланысты нығайту мәселесі талқылаған.
Соңғы айларда екі ел шекара бойынша нақты келіссөздер жүргізіп жатыр.
Қырғыз президенті таяуда екі елдің шекара мәселесі биыл жазға қарай толық аяқталады деп мәлімдеген.
Қырғызстан және Тәжікстан шекарасының жалпы қашықтығы 972 шақырымды алып жатыр. Шекара аймағында келісілмеген жерге қатысты тұрғындар арасында жиі дау туындайды.
Abai.kz