Сенбі, 23 Қараша 2024
1180 3 пікір 7 Ақпан, 2024 сағат 16:14

Семей базарындағы өрт. Кәсіпкерлерге көмек беріледі

Сурет видео скрині

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Семейдегі алапат өрттен зардап шеккен кәсіпкерлердің шығыны қандай жағдайда өтелетінін түсіндірді. Ол Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берлі, деп хабарлайды.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Біріншіден, олар өрттің себебін анықтап жатыр. Екіншіден, облыс әкімдігінің маған берген мәліметіне сәйкес, (оқиға орнында) базар иесі жұмыс істеуде. Қазір өрттің себебі мен (базардағы) әрбір адамға келген залалдың көлемін анықтау керек. Комиссия шешімінен кейін ғана (көмек беру мәселесі) қаралады», - деді вице-премьер.

БАҚ өкілі «Үкімет резервінен зардап шеккен кәсіпкерлерге қаржы бөліне ме?» деп сұрағын нақтылады.

Ал Роман Скляр Семейдегі өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер көмексіз қалмайтынын айтты.

«Заң тарапынан (ондай көмек) қарастырылмаған. Қазір өрт әлі сөндірілмеді. Тамара Қасымқызы шығын есептеліп жатқанын айтты. Содан кейін арнайы комиссия тиісті шешімді қабылдайды. Базар иесі де көмектесуі керек. Адамдарды мұндай қиын жағдайда (көмексіз) қалдырмаймыз. Мұны сізге нақты айтамын», - деді Роман Скляр.

Еске салайық, бұған дейін Семейдегі ірі базарлардың бірінен өрт шыққаны туралы жазған едік.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434