Сенбі, 23 Қараша 2024
1119 0 пікір 9 Ақпан, 2024 сағат 16:19

Алматы: Достық көшесінде енді СЕРГЕК жиілетілді

Сурет: sergek.tech

Алматыда түнгі шуға байланысты екі көшеде жылдамдық шектеледі, деп хабарлайды Abai.kz.

Алматы қаласында лай көшкіні салдарынан болған жағдайдан кейін қала әкімдігі тұрғындармен кездесу ұйымдастырған. Төтенше жағдаймен қатар, тұрғындар түндегі мазасыздық жайын да атап өтті.

Ладушкина көшесіндегі 65-үйдің тұрғындары: "Көктемнен бастап, түнде Достық даңғылы бойында жастар арасында нағыз жарыс басталады. Көліктердің дауысы, қатты музыка ұйықтауға кедергі келтіреді. Тыныштықты бұзғатындармен күресуіңізді сұраймыз", - деп, тыныштықты бұзған жүргізушілерге шара қолдануды сұрады.

"Аудан тұрғындарының арыз-шағымдарын ескердік. Түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік бар. Біз полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз, Достық даңғылы бойына "Сергек" бейнекамераларын орнатуды тапсырдым. Керей, Жәнібек хандар көшесінде жылдамдықты шектейміз. Бейнебақылау камералары жағдайға әсер ететініне сенімдімін", - деп жауап берді Ерболат Досаев.

Әкімнің сөзінше, биылдыққа 30 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық жүйесі мен бейнебақылау жүйесінің 750 камерасын орнату жоспарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5477