Сенбі, 23 Қараша 2024
1158 1 пікір 12 Ақпан, 2024 сағат 17:21

Таксилер автобус жолағымен жүргісі келеді

Сурет: gov.kz

Алматыда таксомотор және жалға беру саласы қауымдастығының өкілдері таксилерге автобус жолағымен жүруге мүмкіндік берілуін сұрап отыр, деп хабарлайды Abai.kz.

Еліміздің оңтүстік астанасының тұрғындары таксиді тым жиілетіп шақыратын болып кеткен. Сәйкесінше, жеткізіп салу қызметтері де дамып отыр.
Алайда, жол кептелісінің ұзақтығына аталмыш жеткізу қызметтері қаншалықты зиян келтірмек?!

Ал жеткізу қызметтері жолаушылардың уақытын үнемдеуді басты мақсат еткен. Сол себептіден автобус жолақтарымен жүруге рұқсат сұрап отыр.

"Таксиге автобус жолақтарымен жүруге рұқсат берудің пайдасы болмаса зияны жоқ. Әрі, ешқандай қиындық тумайды деп ойлаймын. Алдымен барлық жүргізушілерді «Сергек» жүйесіне енгізу қажет. Сол кезде айыппұл келмейді. Полицейлер такси мен қарапайым көліктерді ажырату үшін сыртына компанияның белгісін салуға болады", – деді Қазақстанның таксомотор және жалға беру саласы қауымдастығының төрағасы Жеңіс Мухиев.

Кейбір алматылық такси жүргізушілері де қауымдастық өкілдері көтерген бастаманы қолдап отыр.

Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері қауымдастық тарапынан мұндай ұсыныс түспегенін айтты.

"Мен таксилердің арнайы автобус желілерімен жүруге қарсымын. Қаладағы көлік жағдайы қиын болғандықтан, ең болмағанда кептеліс кезінде арнайы автобус желілерінде таксидің жүруін шектеуді ұсынамын", – деді қоғамдық кеңес мүшесі Гүлмира Байғабылова.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502