Сенбі, 23 Қараша 2024
1397 1 пікір 13 Ақпан, 2024 сағат 19:13

АҚШ Сенаты дауыс берді: Украинаға көмек бола ма?

Фото: aa.com.tr

АҚШ-тың оңтүстік шекарасында бақылау шараларын күшейту туралы ережелері жоқ Израиль мен Украинаға көмек көрсету туралы пакеттік заң жобасы АҚШ Конгресінің Сенатында кезекті рәсімдік дауыс беруден өтті.

$95 млрд-тан астам қосымша бюджеттік қаржы бөлуді қарастыратын бастаманы одан әрі қарау үшін сенаторлар $60,06 млрд-ты Украинаны қолдауға, $14,1 млрд-ты Израильге көмекке бағыттауды ұсынып отыр, кем дегенде 60 заң шығарушының қолдауы қажет болды.

Дауыс беру қорытындысына сәйкес, заң жобасын 67 сенатор қолдады, 27 заң шығарушы қарсылық білдірді. Конгрестің жоғарғы палатасында осы заң жобасы бойынша соңғы дауыс беруді өткізу мерзімі әзірге белгіленбеген.

Сенаттағы демократиялық көпшілік көшбасшысы Чак Шумер (Нью-Йорк штатынан) бұған дейін Конгрестің жоғарғы палатасы Украинаға «ол аяқталғанға дейін» көмек көрсету туралы заң жобасы бойынша жұмысты жалғастыратынын айтқан болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5507