Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
1336 2 пікір 15 Ақпан, 2024 сағат 15:41

Путиннің Кавказдағы жаңа саясаты

Фото: РИА Новости

Путин Кавказға қатысты қорқыту мен үркіту, бауырға тартып, тонның ішкі бауырындай болу саясатын жүргізе бастады.

Бұндағы күлшелі бала – Иран болса, Армения жетімнің күйін кшуде. Енді осыларды қысқаша сөз ете кетейік.

Мәскеу мен Тегеран Ресей - Оңтүстік Кавказ - Иран энергомостын құратынын мәлімдеді. Ресей, Армения, Әзербайжан және Иран арасында энергетикалық көпір құру жобасы пысықталуда.  Бұл туралы Ресейдің Ирандағы елшісі Алексей Дедов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Тағы бір жоба - Ресей-Закавказье-Иран энергия кешенін құру, ол Ресей, Армения, Әзербайжан және Иран арасында электр энергиясын айырбастау мен тасымалдауды білдіреді», - деді ресейлік дипломат.

Елші Мәскеу мен Тегеран қазірдің өзінде тиісті келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті.

Ресей Армениядан минералды су сатып алуға тыйым салуда. Роспотребнадзор қауіпсіздікті тексеру үшін Арменияда орналасқан Джермук кен орнының «Джермук» сауда маркалы суының жекелеген партияларын сатуды тоқтатады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«2024 жылғы 12 ақпанда Владикавказ тұрғыны» Джермук «сауда маркасының минералды суын тұтынғаннан кейін өңештің күйік алу фактісі туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты Роспотребнадзор судың жекелеген партияларын сатуды тоқтатады», - делінген хабарламада.

Abai.kz

2 пікір