Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
1061 1 пікір 15 Ақпан, 2024 сағат 16:11

Жанармай мен дизельге шекті баға енгізілмек

Сурет: naryk.kz

Еліміздегі жанармай мен дизельге шекті баға енгізілетін болды. Бұл туралы ашық НҚА порталында Энергетика министрлігі хабарлады.

Жанар-жағар май құю стансаларында мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығына өзгерістер енгізудің жобасы жарияланды.

“Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық авто жанар-жағар май құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11165 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін”, - делінген бұйрық мәтінінде.

Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;
Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге;
Дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 295 теңге.

Аталған жаңашылдықты қоғамдық талқылау 2024 жылғы 28 ақпанға дейін жалғасады.

Abai.kz

1 пікір