Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2650 16 пікір 16 Ақпан, 2024 сағат 13:40

Көкшетау өлкесі Кеңестік атаудан арыла ма?!

Коллаж: Abai.kz

Облыс әкімі Марат Ахметжановтың назарына!

Біздің Қазақстанда аса көрікті, табиғаты сұлу, өзімізге болсын, тіпті шетелдік қонақтарға да көкірек кере, мақтанышпен көрсетуге тұрарлық, кереметтей әдемі өлкелеріміз баршылық. Соның бірі және бірегейі Алтай-Тарбағатай аумағы, сондай-ақ, Алатау баурайы саналатын Жетісу өңірі және маңғаз, тәккәпар, көгілдір аймақ Кокшетау атырабы.

Бұл шұрайлы, сән-салтанаты келіскен, құтты, қасиетті өлкелер, жаратушының қазақтың дархандығы мен әппақ пейіліне берген теңдесі жоқ бақ деуге болады.

Әрине, бұл мақалада менің айтайын дегенім, мүлде басқа ой және пікір.

Қазіргі, күннен-күнге көркейіп келе жатқан, келбетті Елордамыз ойып аумағына орналасқан Ақмола облысы, яғни, Көкшетау өңірі. Біз кейінгі кезде, идеологиялық тұрғыдан мүлде ескірген, сонау Кеңестік дәуірдің бодандығын елестетіп тұратын (тіпті, құлдығын десе де артық айтпағандық) біраз атауларды әлі күнге дейін өзгерте алмай келеміз. Ұсақ-түйек демей, айтатын болсақ, тура Астанамыздың іргесінде тұрған серіктес қалалар (спутник)  Степногорск пен Щучинск, сонымен қатар Целиноград ауданы.

Мысалы: Көрші Ресейде Кеңестік заманның атауларын баяғыда-ақ, сыпырып тастаған. Бұрынғы Ленинград - қазіргі Санкт-Петербор, Калинин - Тверь, Куйбышев - Самара, Горький - Нижний Новгород болып өзгерді. Одан да басқа қалалар мен аудандар толып жатыр.

Ал, біздің отыз жылдық билікпен қазіргі билеушіміз көп нәрсеге батылы жетпей, уақыт оздырып, шегінумен келеді. Өз уақытында, туған еліміз бодандықтың қамытында жүрген кезінде, ақымақ Никита Хрущевтың күштеп, қарадүрсін қойған Целиноград атауын да әлі күнге дейін өзгерте алмадық.

Ол тұрмақ, осы облыстың құрамындағы аудандарда көптеп кездесетін: Заречный, Двуречный, Приречный, Дальний, Раздольный, Ейский, Курский, Красный Запорожец, Свободный, Красивинский, Красивое, Комсомольский, 37 лет октября, Мирный, Маяковский, Красногорск, Калачевский деген атаулардың қазіргі уақытқа керегі қанша?

Мен осы облыста ұзақ жылдар қызмет жасағандықтан, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Атбасар, Астрахан, Зеренді және өзге де аудандардың иелігіндегі округтердің қалай аталатындығын жатқа білемін. Тура бір Ресейдің губерниясында жүргендей боласың. Осындай идеологиялық тұрғыда мүлде ескірген атауларды Жаңа Қазақстан заманына сай етіп, қайтадан атауды уақыт кетірмей ұйымдастыруды, яғни, тездетіп ономастикалық комиссияның жұмыс істеуіне рұқсат беруді қамтамасыз ету керек.

Жақында бұрынғы Державинск қаласын Кенесары деп өзгерттіңіздер. Сол секілді, Ұлы Абылай ханның  резиденциясы тұрған Щучинск қаласын да Абылай хан қаласы деп атасаңыздар да нұр үстіне нұр болары еді ғой.

Бұл ұйымдастырушы адамға көп қиындық тудырмайды, оп-оңай нәрсе. Әйтпесе, жоғарыда аталған өте ескірген идеологиялық атаулар, қай кезде болмасын, кезіндегі бодандықтың, тіпті, құлдық кезеңді еске түсіріп тұрады.

Сондықтан, қазіргі Ақмола облысының әкімі, құрметті Марат Мұратұлы мырзаның, осы атауларға көңіл аударып, уақыт оздырмай алдырып тастауын қалар едік!

Неге десеңіз, көгілдір Көкшетау өлкесі, қалың қазақ елінің, мынау айналадағы шартарап елдеріне мақтанышпен көрсететін, асыл байлығымыз десек, артық кетпегендігіміз!

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450