Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
14182 3 пікір 16 Ақпан, 2024 сағат 15:31

Қырғызстан Қазақстанға нота жолдады. Не үшін?

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі депутат Жанарбек Ақаевтың сауалына жауап берді.

Мекеме мәліметінше, кәсіпкерлер тарапынан түскен хатты Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне және Алматы облысы, Қарасай ауданы полициясына жолдаған.

"Жақын күндері "Алтын орда" базарының басшылығымен кездесу жоспарланып отыр. Қазір қазақ тарапы бұл жағдайды тексеріп жатыр. Арызданушыларға құқықтық көмек көрсетіліп жатыр", - деді СІМ өкілі.

Алматыда жұмыс істейтін ондаған қырғыз кәсіпкері өздерінен Ермек Марқабаевқа қарсы жалған мәлімет беруді талап етіп, олардың тауар сақталған контейнерлерін тартып алып отырған.

Еске сала өтсек, былтыр жазда Алматыда қырғыз азаматы, "Алтын орда" базарының директоры Ермек Марқабаев ұсталған. Оған және оққағарына қатысты "қару-жарақ, жарылғыш заттарды заңсыз сақтады" деген айып тағылып, 4 жылға бостандығынан айырылған болатын. Сотта ол өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ.

Abai.kz

Дариға Асқар

3 пікір