Үлбі өзенін ластағандарға 50 млн теңге айыппұл салынды
Шығыс Қазақстандағы Үлбі өзені ластанып кеткен. Себебі марганецтің шекті рұқсат етілген концентрациясынан бес есе дерлік асып кеткені анықталды. Ал оған жауапты компания - “Қазмырыш”.
Жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында экология департаментінің мамандары іріктеп алған сарқынды сулардың сынамалары марганец бойынша 4,5 есе артық екенін көрсетті.
"Тазарту құрылыстарын тиісінше пайдаланбау нәтижесінде Үлбі өзеніне көптеген ағындар орын алатыны анықталды", – деп жазылған хабарламада.
Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша компанияға 50 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Abai.kz