Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
1198 3 пікір 19 Ақпан, 2024 сағат 17:02

Түрмеде жазасын өтеушілерге қанша ақша жұмсалады?

Сурет: egemen.kz

"Құтқару" қоғамдық қорының хабарлауынша, түрмеде жазасын өтеушілерді асырауға жыл сайын 28 млрд теңге жұмсалады екен.

Бұл бағытта бюджетке түсетін қаражатты азайту үшін бірқатар жобаны жүзеге асыру ұсынылып отыр, деп хабарлайды Abai.kz.

Жыл сайын бюджеттен бұл бағытта тәулігіне 2 261 теңге бөлінеді.

Қазақстанда жалпы түрмеде отырғандар мен уақытша қамау изоляторындағылардың саны 34-тен 38 мың адам аралығында.

Қор оларды ұстауға жылына 28 млрд теңге жұмсайды деп есептеп шығарған.

Бұл ретте жазаны орындау жүйесінің өзі 6-дан 20 миллиард теңгеге дейінгі мөлшерде қаржыландырылмаған. Түрме тұрғындарын 10% қысқартуға және мемлекеттік бюджетке қаражат бөлуге бағытталған жобаны жүзеге асыру ұсынылып отыр.

Алдын ала есептеулер бойынша бұл жылына шамамен 2,8 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

Дариға Асқар

Abai.kz

3 пікір