Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
1276 0 пікір 19 Ақпан, 2024 сағат 17:05

ҚР ҰҚК бір күнде 8 радикалды топты құрықтады

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы мен Қазақстанның жеті облысында қылмыстық топтардың жолын кесу операциясының нәтижелерін хабарлады.

2024 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қаупсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты бейтараптандырды.

"Олардың ортасында деструктивті діни ағым жақтастары бар 23 адам ұсталды. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 6 қатысты келу туралы міндеттеме қолданылды. Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттау, адамдарды ұрлау, қорқытып алу, сондай-ақ есірткі заттары мен ату қаруының заңсыз айналымына қатысы бар деп күдіктелуде."- деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Операцияны өткізуге республиканың 8 өңірінде бірмезгілде 250 күштік құрылым қызметкерлері жұмылдырылды. Тергеп-тексеру іс-шаралары жалғасуда.

Abai.kz

0 пікір