Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
46 - сөз 2347 3 пікір 19 Ақпан, 2024 сағат 17:11

«Ауырғанда»

Сурет: adebiportal.kz

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, марқұм Несіпбек Айтұлының ең соңғы жазған өлеңдерінің бірі.

Мазам кетіп барады, мазам кетіп,
Мазақ етіп жүре ме қазам жетіп.
Тым болмаса жабдығым түгел емес,
Табақ тесік, қасық кем, қазан кетік.

Далақтаумен үлкенге, кішіге де,
Дүние, шіркін, кірмепті түсіме де.
Жетім күшік секілді жұртта қалса,
Балам мені білмеймін түсіне ме?

Жетемін деп бәріне ағайынның,
Өзімді өзім абайсыз қақ айырдым.
Жай-күйімді осы күн білгің келсе,
Аласұрған шілдеде ақ аюмын.

Жұрт еді ғой менсіз де күн көретін,
Өлгенменен ешкім жоқ бірге өлетін.
Қабақ шытпай күтейін ажалды да,
Қонағым ғой әйтеуір бір келетін…

Несіпбек Айтұлы

Abai.kz

3 пікір