Сәрсенбі, 13 Мамыр 2026
Билік 3270 15 пікір 21 Ақпан, 2024 сағат 13:47

Президент Қазанға не үшін бара жатыр?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ресей Федерациясына барып, Қазан қаласында өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысады.

Аталған іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысады деп жоспарланған.

«Болашақ ойындары» гибридтік спорт түрлері бойынша алғашқы халықаралық мультиспорттық жарыс Қазан мен Сочиде 21 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтеді.

Жарыстың әрбір түрі классикалық спорт пен киберспорт немесе VR/AR-технологиясын біріктіреді. Мұндай спорттық пәндерді сипаттау үшін «фиджитал» (physical + digital) сөзі пайдаланылады.

Спортшылар физикалық және сандық мүмкіндіктер шегінде күресетін болады. Ұсынылған жарыстардың арасында фиджитал-футбол және хоккей, дрондар жарысы, роботтар шайқасы және т.б. болады.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2661
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1797