Сенбі, 23 Қараша 2024
1069 2 пікір 21 Ақпан, 2024 сағат 15:35

Алматы мектептерін тексеру қорытындысы сын көтермей тұр

Сурет: ашық дереккөзден алынды

Прокурорлар алматылық балалардың қауіпсіздігін тексеру барысында бес мыңнан аса заңбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Abai.kz тілшісі.

"Оған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жарты мыңнан астам заңбұзушылықтар, балаларды тасымалдау және білім беру мекемелерін қорғау ережелерінің, санитарлық және өртке қарсы нормалардың бұзылуы, сондай-ақ оқушылар арасында буллинг деректерінің анықталуы дәлел", - делінген хабарламада.

Тексерулер нәтижесінде 10 соталды тергеп-тексеру басталған, шамамен 60 миллион теңге өтелген, 67 қадағалау актісі енгізілді және 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі таңда құқық бұзушылықтарды жою мақсатында оқушылар немесе олардың ата-аналарына онлайн режимде қалалық прокуратураға тікелей жүгінуге мүмкіндік беретін "QR-код" әзірленген.

"Сонымен қатар, прокурорлар 330 миллион теңгеден астам сомаға бюджет қаражаты ұрланғанын анықтады. Мысалы, Бостандық ауданының прокуратурасы мектептердің бірінде жалақыға арналған бюджет қаражатын, бас бухгалтердің ұрлағанын анықтады.

Аталған құқық бұзушылық мемлекетке 160 миллион теңге залал келтіре отырып, мектептің жұмыс істемейтін қызметкерлеріне және өзінің жақын туыстарына ақша қаражатын аудару жолымен жасалған", - делінген хабарламада.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394